Назарбаев Н. Ә. Қазақстан жолы

2006
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы Конституцияны қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек.Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Ой бөлістім халқыммен

2006
Қазақстан саясаты
Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың кітаптарындағы, баяндамалары мен басқа да еңбектеріндегі, алқалы жиындар мен ел аумағының алуан аймақтарындағы әртүрлі кездесулерде сөйлеген сөздеріндегі қанатты қағидалары қамтылып, терең ой-толғамдары мен тұжырымдары топтастырылған.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Елмен сырласу. Т.1

2008
Қазақстан саясаты
«Елмен сырласу» - Қазақстан мемлекеттігінің негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Н.Назабаевтың қоғамдағы, саясат пен экономикадағы, жаһандық ахуалды талдаудағы алатын орнын, халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, қажырлы қайраткерлігін ашып көрсететін көп томдық шығарма.
Оқу

НАЗАРБАЕВ Н. Ә. Жан шуагы

2010
Қазақ әдебиеті
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз ойымен оңаша қалған сәттерде, кеиде жүрегін гербеген жайттарды өзінше өлеңмен өрнектей жүреді екен. Алайда, автордың өзі үшін ғана жазатын осынау жыр шумақтарынан да адманың көңіл күйін, жүрек тебіренісін аңғартатын байкампаздық пен сыршылдықты сезінуге болады. 
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Еуразия жүрегінде

2011
Қазақстан саясаты
Нұрсұлтан Назарбаевтың оқырман назарына ұсынған жаңа туындысы басынан аяғына дейін қазақтың жаңа Елордасы туралы. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітап 192 беттен, “Астана аңсары”, “Қала шежіресі” және “Елорда эстетикасы” деген үш тараудан тұрады. Бұл еңбек Президенттің соңғы 10-12 жыл ішінде қағазға түсірген жазбалары мен жекелеген күнделіктерінің жемісі.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Темірқазық

2012
Қазақстан саясаты
Кітапқа ҚР Президенті Н. Назарбаевтың мемлекеттік маңызы бар түрлі жиындарда, мерейтойларда, халықаралық форумдарда сөйлеген сөздері жүйеленіп, реттеліп топтастырылды. Президенттік қызметке кірісу рәсімінде, мемлекеттік рәміздері таныстыруда, ел орталығын Сарыарқа төсіне ауыстыру шешеіміне орай, алғаш БҰҰ Ассамблеясына сөйлеген сөздер, сондай-ақ Абай, Жамбыл мерейтойларында жасаған терең талдаулы баяндамалар, ел тарихындағы ірі тұлғаларға ескерткіштер ашу салтанаттарындағы, т.б.сөздер - барлығы Қазақстанның тәуелсіздік дәуіріндегі жылнамасы іспеттес.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі

2012
Қазақстан саясаты
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады.Осы басылымда автордың бұған дейін әзірленген өркениеттер серіктестігінің негіздері постиндустриялық даму мәселелерінің энергиялық-экологиялық қауіпсіздік, технологиялық дамудың біркелкі еместігі, экономикалық қатынастардың әділетсіздігі сияқты ғалами мәселелерін шешу үшің қолданылды.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. G-GLOBAL ХХІ ғасыр әлемі

2013
Политика
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "G-Global - ХХІ ғасыр әлемі" атты жаңа кітабы қазіргі заманның жаһандық проблемаларына арналған. Әр тарауда бес қағидатқа : "эволюция және саясаттағы революциялық өзгерістерден бас тарту", "әділеттілік, теңдіқ, консенсус", "жаһандық толеранттылық және сенім", "жаһандық транспаренттілік", "сындарлы көпполярлық" қағидаттарына негізделген Қазақстанның G-Global бастамасының мәні ашылады.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Жылдар мен ойлар

2013
Қазақстан саясаты
Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері топтастырылып беріліп отыр. Түрлі тақырыптарды қамтитын ол ой-толғаныстар жинақтала келе, оның адам, мемлекет қайраткері және саясаткер ретіндегі философиялық ұстанымынан хабар беріп қана қоймай, сонымен бірге қазіргі таңдағы Қазақстанның қен тарихи панорамадағы біртұтас келбетін де құрайды.
Оқу

«Еркін елдің ертеңі»

2013
Афоризмы. Изречения. Сборник Политика Экономика
Жинаққа Елбасының бірлік, адамгершілік құндылықтар, қазақстандық патриотизм, мемлекет, жаһандану, саясат пен экономика, өркениет пен мәдениет туралы таңдамалы нақыл сөддері, ой толғаныстары мен тұжырымдары енді.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.1. 1989-1991 жж.

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының бірінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1989-1991 жылдар аралығында жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері кіргізіліп отыр. Онда Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғанға дейін қайта құрудың соңғы жылдарында болған оқиғалар бейнеленеді, ал бұл кезеңде КСРО-ның ыдырауы жағдайында Қазақстан халқының егемендік, демократия мен еркін нарық пайдасына өз тағдырын өзі анықтауының тарихи үдерісі жүріп жатқан болатын.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.2. 1991 – 1995 жж.

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының екінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991-1995 жылдар кезеңінде жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері енгізілді. Мұнда тоталитарлық жүйе қирап, мемлекеттіліктің жаңа үлгісін іздеу мен нарықтық экономиканың қалыптасу үдерісі жүрген ең қауырт және айқындаушы кезеңдердің бірі - Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы оқиғалар баяндалады.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.3. 1995-1998 жж.

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының үшінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995-1998 жылдар кезеңінде жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері енгізілді. Бұл кезеңде 1995 жылғы Конституция негізінде саяси, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы жүйелі жаңғыртулар одан әрі жалғастырылды, «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қабылданды, астананы Алматыдан Ақмола қаласына көшіру жүзеге асырылды, 1998 жылғы конституциялық реформа жүргізілді.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.4. Кітап 1. 1999-2002 жж.

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының төртінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері ұсынылған, оларда елдің тұрақты экономикалық өрлеу арнасына шығуы, саяси жүйенің одан әрі демократиялануы және АӨСШК, Еуразия медиа-форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты ірі халықаралық бастамалардың сыртқы саяси деңгейде жүзеге асуы сипатталады. Кітап 1999-2002 жылдарды қамтиды.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.4. Кітап 2. 2003-2005 жж.

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының төртінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері ұсынылған, оларда елдің тұрақты экономикалық өрлеу арнасына шығуы, саяси жүйенің одан әрі демократиялануы және АӨСШК, Еуразия медиа-форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты ірі халықаралық бастамалардың сыртқы саяси деңгейде жүзеге асуы сипатталады. Кітап 2003-2005 жылдарды қамтиды.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.5. Кітап 1. 2006-2007 жж

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының бесінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды Орталық Азия өңірінде және ТМД кеңістігінде көшбасшы ретінде танытқан 2006-2009 жылдар арасында халық алдында сөйлеген негізгі өзекті сөздері берілген. Кітап 2006-2007 жылдарды қамтиды.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.5. Кітап 2. 2008-2009 жж

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының бесінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды Орталық Азия өңірінде және ТМД кеңістігінде көшбасшы ретінде танытқан 2006-2009 жылдар арасында халық алдында сөйлеген негізгі өзекті сөздері берілген. Кітап 2008-2009 жылдарды қамтиды.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т 6 2010-2011 жж

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының алтыншы томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010-2011 жылдардағы жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері енгізіліп отыр. Бұл кезең Қазақстан қоғамы үшінтәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өтті және еліміздің жүрген жолын пайымдау, өзіміздің жетістіктеріміз бен мүмкіндіктерімізді салиқалы сарапқа салу, ағымдағы ахуалды талдау және одан әрі даму бағыттарын айқындау уақыты болды.
Оқу

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т 7 2012-2013 жж

2014
Қазақстан саясаты
«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының жетінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012-2013 жылдар кезеңінде жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері енгізілді. Бұл кезеңде Қазақстан жұртшылығы «Қазақстан - 2050» стратегиясы аясында өз дамуының жаңа көкжиектерін айқындаған болатын.
Оқу

НАЗАРБАЕВ Н. Ә. Өмір өткелдері

2015
Қазақстан саясаты
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі - өзгеше, өнегелі өмір. Екі өркениеттің - Шығыс пен Батыстың қиюласқан жерінде, әлемінің екі бөлігінің - Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсында, екі саяси жүйенің - тоталитаризм мен демократияның, екі экономикалық жүйенің - жоспар мен нарықтың от пен судай шарпысқан шағында шарболаттай шыңдалған, өзінің туған Қазақстаның бүкіл әлем танитын, құрметтейтін елге айналдырған тұлғаның тағылымды тағдыры қандай оқырман үшін де қызғылықты.
Оқу
3 беттің 2 Беті123

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар