Тарихтан сыр шертетін зергерлік туынды

Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтардың қатары толықты. Қазан қаласындағы «Құл-Шәриф» мешітінің бағалы тастар мен асыл металдардан құйылған нобайы пайда болды. Зергерлік өнердің нағыз шеберлігін паш ететін туынды алыстан менмұндалайды. Оны жасау, өрнектеу тәсілі тәнті етеді.  Рухани орда алтынмен, күміспен және маржанмен көмкерілген.

0U3A9507

Тарихқа жүгінсек, Құл-Шариф мешітінің тарихи тамыры тереңге бойлайды. Ол 400 жыл бойы ғылымдарды дамытудың және діни ағартудың орталығына айналған. Мәдени кешеннің кітапханасы бай болған деседі. Оған имам сеид Құл-Шарифтің есімі берілді. Бірақ ХVI ғасырда қалаға шабуыл жасаған Иван Грозный мәдени кешеннің тас-талқанын шығарған.

Талай ғасырлардан кейін 1996 жылы мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Оған сәулетшілер арасында байқау жарияланып, үздік жұмыстар іріктеледі. Мәдени кешен мұнаралы мешіт ретінде бой көтерді. Төрт мұнараның биіктігі 58 м құрайды. Бүгінде мешіт ғылыми-ағартушылық орталық ретінде қызмет етеді. Онда мұражай-кітапхана бар.

0U3A9508

Мемлекет басшысына зергерлік өнердің туындысын Қостанай облысының тұрғындары тарту етті.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар