«Әлемді өзгертетін идеялар» кемел келешекке қадам

Павлодарлық Алуа Жолдасбекова – әскери мектептің шәкірті. 11 сынып оқушысы 3 жылдан бері қатаң тәртіпке бағынады. Кіші сержант жанына жақын мамандықпен болашағын сабақтастырмақ. «Алтын белгіге» үміткер оқушы білімімен қатар спорттық дайындығын шыңдауда.  

0U3A9693

– «Анам – кітапханашы, әкем өрт сөндіру қызметінде тер төгеді. Мен қырағы тәртіп сақшысы болуды ұйғардым. Әскери мектеп бойыма тәртіпті, жауапкершілікті және басқарушылықты дарытты. Табысқа жетіп, абыройлы қызмет етудің кілті еңбексүйгіштікте екендігі сөзсіз. Оның жарқын үлгісін Елбасымыз паш етіп отыр. Мемлекет басшысының туған жерге сүйіспеншілігі, бастамашылдығы мен көрегенділігі тәнті етеді. «100 нақты қадам» бағдарламасы да халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің әлеуетін арттыруға бағытталған. Оның әрбір реформасын Елбасы кітапханасындағы екі күндік семинарлар арқасында жете түсіндік», – деп өзінің әсерімен  Павлодар облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы бөлісті.

0U3A9650

Игі дәстүрге айналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарында Павлодар және Ақмола облысының оқушылары тоғысты. Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері балаларға Мемлекет басшысының жаһандық бастамалары жайлы жан-жақты баяндады. Құқықтық саладағы қадамдарды ерейментаулық Үміт Кәрімжан ойға тоқып алды. 10 сынып оқушысы атасының ізін жалғап, білікті тергеуші атануды армандайды. Әзірге 10 сынып оқушысы құқықтану бойынша олимпиадаларда білімін таразылайды.

0U3A9653

– Елбасы кітапханасы сәулетімен, бай мұрасымен ерекшеленеді. Кітаптар, жәдігерлер, тарихи құжаттар мен суреттер. Олардың барлығы – құнды және қажетті ақпарат. Екі күндік дәрістер арқасында да көп мәліметке қанықтық. Оның әдеттегі семинарлардан орны бөлек. Біліп-түйгеніміз болашақта қажет екендігі даусыз. Өз басым құқықтық сауаттылығымды арттырдым. Сот қызметіндегі реформалар қызығушылығымды оятты, – дейді Екібастұз қаласындағы №3 орта мектептің 10 сынып оқушысы.

Білім көкжиегін кеңейткен оқушыларға сертификаттар және естелік сыйлықтар тарту етілді.

0U3A9766

 

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар