Тәуелсіздіктің мерейлі белесіне тарту

Қаланың тұрғындары мен меймандарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шараларды тамашалауға шақырамыз.

Елбасы кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел», «Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», «Елбасы жолы», «Әлем қадірлеген Елбасы», «Елбасына естелікке қолтаңба», «Егемен елдің тәуелсіздік шежіресі» көрмелері арқылы бірегей мұрағат құжаттарымен және құнды кітаптармен танысуға болады.

«Ұлы Дала елі» көрмесінде Елбасы кітапханасының қызметкері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың төлтуындылары паш етілген.

Сонымен қатар 28 қарашадан бастап 23 желтоқсанға дейін Елбасы кітапханасында бұқаралық мәдени-спорттық шаралар, кинокөрсетілімдер, шеберлік сыныптары, әдеби және музыкалық кештер ұйымдастырылады

Экскурсия кестесі:

Дүйсенбі – сенбі: 10:00/ 11:00/ 12:00/ 15:00/ 16:00/ 17:00.

Түскі ас: 13.00-14.30

Жексенбі: демалыс

Экскурсияға 8 (7172) 69-30-42 телефон нөмірі бойынша немесе www.presidentlibrary.kz сайтындағы «Оқырманға» бөлімінде орналастырылған электрондық тапсырыс арқылы жазылуға болады.

Кітапханаға кіру тегін.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар