«Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

2016 жылғы 8-9 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияның жұмысы 3 жаңа кітаптың таныстырылымы рәсімінен басталады: А. Қашқымбаева «Ілияс Есенберлин 1915-1983»; К. Ерімбетованың «Қалдырған ізі мәңгілік. Қазақтың тарих ғылымы. Академик Анна Панкратова (ХХ ғасырдың бірінші жартысы)»; Б. Аяған, Ж. Сәбитов, А. Сейпилова «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы. 1991-2016».

Халықаралық конференцияға Голландияның, АҚШ, Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның, Өзбекстанның сарапшылары қатысады. Конференцияда еліміздің тәуелсіздігінің тарихы, ұлттық экономиканы жаңғырту нәтижелері мен басымдықтары, ғылыми-инновациялық саланың жетістіктері мен басымдықтары, Қазақстандағы Президенттік институт, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі, мәдени мұра тақырыптары кеңінен қаузалады.

Келелі басқосуды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Мемлекет тарихы институты бірлесе ұйымдастырып отыр.

Басталуы: 8 желтоқсан сағат 9:00

Аккредитация міндетті.

Ғимаратқа кіру үшін жеке куәлік қажет.

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар