Тәуелсіздіктің 25 негізі: Нұрлы болашақ

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасының тарихы кеңінен паш етілді.

1993 жылы 5 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған стипендия жастардың шетелде тегін білім алуына жол ашты. Бағдарлама экономиканың басымдыққа ие салаларына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған. Оның аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми атақ алуға және өндірістік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік ұсынылған.

0U3A2291

– «Болашақ» – Тәуелсіздігіміздің жетісті. Бұған дейін әлемнің жетекші оқу орындарында оқыған жерлестеріміздің қатары некен-саяқ еді. Енді Қазақстанның әлеуеті жыл санап күшейіп келеді. «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне туған жерге оралып, халықаралық компаниялардың және оқу орындарының озық тәжірибесін елімізде ендіреді. Оның жемісі мемлекеттің экономикасын дамытуда сезілуде, – деп «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі, саяси ғылымдар докторы Төлеутай Сүлейменов

1994 жылы қазақстандық студенттердің алғашқы легі шетелге аттанды. Бастапқыда стипендиаттар тек 4 мемлекетте білім алды: АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция. Кейінгі жылдары бағдараламаға қатысушылар үшін ұсынылатын мемлекеттердің аясы кеңейтілді. 23 жыл ішінде «Болашақ» стипендиясын 11 126 жерлесіміз иеленді. Олар әлемнің 33 мемлекетіндегі жетекші 200 жоғары оқу орнында білім алды.

Бүгінде жастар еңбек нарығында техникалық мамандықтардың сұранысқа ие екендігін түсінеді. Түлектердің тарапынан нақты ғылымдарға қызығушылық жоғары. Оған Елбасы кітапханасы Ғылыми-білім беру бағдарламалары секторының меңгерушісі Күнсұлу Исинова көз жеткізген.  

1X7A5726

– Өткен жылдан бері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарын тұрақты түрде ұйымдастырамыз. Тағылымды дәрістерге еліміздің түпкір-түпкіріндегі мектептерден оқушылар жиналады. Оларға «100 нақты қадам» ұлт жоспары, Елбасының бастамалары жайлы әңгімелейміз. Мектеп оқушылары мен студенттер «Болашақ» бағдарламасына, шетелде білім алудың басымдықтарына қызығушылық танытып, көкейлеріндегі сауалдарын қояды, – дейді Күнсұлу Исинова.

«Болашақ» халықаралық шәкіртақысын 2020 жылға дейін дамыту жоспары жүзеге асырылуда. Оған сәйкес үміткерлерді іріктеуге талаптар күшейтіліп, стипендианттардың тілдік дайындығы бойынша жаңа үлгі ендірілді.

Елбасы кітапханасында меймандарға бірегей материалдардың көрмесі таныстырылып, «Болашақ – Қазақстан тарихының алтын беттері» деректі фильмі паш етілді.

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар