Тәуелсіздіктің 25 негізі: әлеуметтік жаңғыру және Экспо-2017 жасыл технологиялары

21

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Елбасы кітапханасында еліміздің әлеуметтік жаңғыруына және соны жасыл технологияларды кәдеге жаратуға жол ашатын бастамалар кеңінен қаузалды. Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарламалары мен жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға, адами капиталды дамытуға баса мән беріледі. Оның жемісі – әлеуметтік заңнамалар жетілдірілді, «әлеуметтік лифтілер» тетіктері құрылды,  жаңа мектептер мен балабақшалар бой көтеруде, тұрғын үйдің қолжетімділігі қамтамасыз етілуде.

0U3A3712

– Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы – мемлекетті әлеуметтік тұрғыда жаңғыртудың табысты жолы. Оның негізгі мәйегі өндірістік еңбекке тіреледі. Әлеуметтік ілгерілеуге тек мемлекет емес, қоғам да жауапты. Ендеше масылдықтан арылып, туған жердің игілігін арттыруға жұмыла кірісуіміз керек. «Еңбек етсең емерсің», «Адамды адам еткен – еңбек» демекші, маңдай термен тапқан нанның құндылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Бұл бағытта Елбасы кітапханасында ерен еңбегімен ерекшелеген азаматтармен тағылымды кездесулер ұйымдастырылады. Экспозицияларға қойылған кітаптарда да бұл тақырып кеңінен көрініс тауып, әлеуметтік жаңғыруға жол ашатын Елбасының бастамалары мен идеяларын оқырман қауымға жеткізуге тырысамыз, – деп түсіндірді Кітапхана жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы Айдынкүл Көшкінова.

Еңбектің жаңа мәдениеті, еңбексүйгіштік қағидалары дәстүрлі қуат көздерін үнемдейтін «жасыл» технологияларға жол ашады. Экономикалық дамудың жаңа парағы 2017 жылы Астанада ашылмақ. «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде күн, жел іспетті табиғи көздерді оңтайлы түрде кәдеге жаратудың жолдары паш етілмек. Оған жер-жаһанның түпкір-түпкірінен 100-ден астам елдің өкілдері тоғысады.

0U3A7894

– Елбасы кітапханасына келушілер еліміздің өткенімен қатар бүгініне асқан қызығушылық танытады. Оның ішінде шетелдіктер тарапынан Астанада өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің маңыздылығы жайлы сұрақтар жиі қойылады. Жәдігерлердің негізінде «Болашақтың қуаты» жаңа дамуға жол ашып, таза экологиялық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік беретінін түсіндіреміз. Күннің және желдің қуаты арқасында энергияға жұмсалатын шығын көлемі де құлдилайтыны хақ, – дейді Экспозиция-көрме жұмысы секторының сарапшысы Ботагөз Аяпбергенова.

Елбасы кітапханасының меймандары «жұлдызды күндер» аясында мазмұнды деректі фильмдерді тамашалады: «Сүйіспеншілікпен, Астана: әлеуметтік тақырыптар», «Жасыл экономика», «Қазақстан. ЭКСПОҒА дейін үш жыл бар»

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар