Тәуелсіздіктің 25 негізі: Индустрияландыру

22

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған индустрияландыру саясаты кеңінен қаузалды. 6 жыл бұрын өмірге жолдама алған индустриялық-инновациялық бағдарлама дамуға жаңа серпін берді. Қол жеткен жетістіктерді сараласақ, елімізде мыңнан астам жаңа өндіріс орындары іске қосылды. Қазақстанда өндірілмеген 500-ге жуық өнімнің жаңа түрі нарыққа жол тартты.  200 мыңнан астам қазақстандық үшін жаңа жұмыс орындары ашылды.

0U3A86255

– Индустрияландыру саясатының алғашқы бесжылдығы сәтті еңсеріліп, екіншісіне аяқ бастық. Оның ұлттық экономика үшін маңыздылығы жыл санап артып келетініне көзіміз жетіп отыр. Машина құрылысы, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия салаларында «Қазақстан жасалған» өнімдеріміз ішкі нарықпен қатар сыртқа да жол тартуда. Оның арқасында еліміз шикізаттық тәуелділіктен арылып, қайта өңдеу саласына жан бітіреді. Өнеркәсіптік саланың тынысын жастарға Елбасы кітапханасындағы Ғылыми білім беру кешен арқылы түсіндіреміз. Мәселен, 6 интерактивті үстелдің бірі «Өзгерістер қуаты» деп аталады. Онда тарихқа айналған экономикалық серпілістер жайлы бірегей мұрағат құжаттары, құнды суреттер және деректі фильмдер сыр шертеді. Мультимедиялық оқу құралының мазмұны тұрақты түрде жаңартылады, – дейді Ғылыми-білім беру бағдарламалары секторының аға сарапшысы Ақбота Хамитова.

«Өзгерістер қуаты» тақырыбындағы интерактивті үстелдің мазмұны 8 тақырыптан тұрады. Онда Жаңа мемлекеттің іргетасын қалауға бағытталған Тұңғыш Президенттің Жолдаулары мен стратегиялары, алмағайып замандағы шамшыраққа айналған «100 нақты қадам» ұлт жоспары қамтылған.

Тәуелсіздіктің тірегіне айналған индустрияландырудың барысы жайлы Елбасы кітапханасындағы көрмелер сыр шертеді. Келушілер тарихи құжаттармен және фотосуреттермен танысты. Сонымен қатар олардың назарына «Қазақстанның индустриалды қанаттары» деректі фильмі ұсынылды.  

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар