Рухани орданың тынысына Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс куә болды

Бүгін Қазақстандағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Дипломатиялық миссияның өкілі рухани орданың тарихымен танысып, экспозицияларды аралады. Мәртебелі мейман заманауи интерактивті білім беру кешеніне асқан қызығушылық танытты. Оған Елбасының жоғары марапаттары ұсынылған 3D голограмма, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін анимациялық электронды альбом паш етілді.

0U3A37799

Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков рухани орданың тарихи жәдігерлері мен мұрағат материалдары тақырыптар бойынша топтастырылғанын ерекше атап өтті. Дипломатиялық миссияның өкіліне «Президентке тарту етілген сыйлықтар» және «Президенттік» экспозицияларымен жан-жақты таныстырылды. Онда Мемлекет басшысының сарабдал саясаткерлігімен қатар салауатты өмір салтына деген ұстанымын паш ететін жәдігерлер ұсынылған.

Құрметті мейман ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі белесіне арналған «Әлем қадірлеген Елбасы» көрмесіне асқан қызығушылық танытты. Онда көпшілік назарына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген шет мемлекеттердің  жоғары наградалары ұсынылған. Коллекцияда Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Ватикан, Франция, Ауғанстан, Қытай және басқа да елдерден берілген 41 награда қойылған.

Еліміздің тарихи куәгеріне айналған аса құнды жәдігерлер мен түпнұсқалық құжаттар да назардан сырт қалмады. Қазақстандағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс 100-ден мұрағат материалдары ұсынылған «Елбасы жолы», «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» көрмелерін тамашалады.

1X7A93311

Мекеменің басты рухани қазынасы да мейманға паш етілді. Елбасының жеке кітапханасы – Мемлекет басшысы парақтаған және жинаған сирек кездесетін жинақтармен аса құнды.  Онда отандық қаламгерлермен қатар шетел әдебиеті өкілдерінің туындылары бар. Кітаптардың қоры жаңа туындымен толықты. Дипломатиялық миссияның өкілі рухани ордаға Латвия Республикасының 1186-1888 жылдар аралығындағы тарихын баяндайтын жинақты тарту етті.

Көптен бері Елбасы кітапханасына куә болу арманым еді. Бүгін керемет әсерге бөлендім. Ғимараттың бірегей сәулеті,  рухани орданың бай мұрасы ерекше тәнті етті. Оны келушілерге жеткізуде барлық жаңа технологиялар кәдеге жаратылатынын байқадым. Мамандығым бойынша тарихшымын. Сондықтан мен үшін Елбасы кітапханасында ұрпақтар сабақтастығы сақталатынын, елдің тарихын паш етуде кәсіби көзқарасты бірден байқадым. 1 жыл жыл бұрын жолым Қазақстанға түсіп, мені шексіз, шетсіз қазақтың иен даласы тамсандырды. Елдеріңіздің географиялық ауқымымен қатар экономикалық серпілістер аясы өте кең. Мен қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Ширек ғасырдың ішінде  ішінде Президенттеріңіздің басшылығымен Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізді. Бұл қарқынды бәсеңдетпей, халықтың әл-ауқатын, мәдениет пен тілді дамытуға тілектеспін. Қиын жылдары біздің ұлтымызды туғанындай қабылдағанын қазақ халқына алғысым шексіз, – деп атап өтті  Қазақстандағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс.

1X7A93144

Рухани орданың қызметін жоғары бағалаған құрметті мейманға Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков алғыс білдіріп, «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» және «Назарбаев моделі» кітаптарын сыйға тартты.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар