Тәуелсіздіктің 25 негізі: қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында аймақтардың экономикалық серпілістері мен жетістіктері кеңінен паш етілді. Көрмелерде өңірлердің толайым табыстары, жетекші кәсіпорындардың қуаты жайлы материалдар ұсынылды. Келушілер үшін «Солтүстіктегі шуақ» және «Ақжайық, орның сенің ала бөтен» деректі фильмдері көрсетілді.

23-1

– Өңірлердің әлеуетін нығайтуға Елбасы кітапханасы да үлес қосып, жүйелі жұмысты оң жолға қойды. «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарлары арасында облыстардың жастары назарға алынған. Мазмұнды дәрістерде білім алған кейінгі толқын өкілдері біліп-түйгендерімен қатарластарымен бөліседі. Біздің жобамыздың арқасында кейбір мектеп оқушылары өздерінің болашақ мамандығын таңдап, өңірінің дамуына ат салысатынын алға тартады, – деп қолға алынған жұмыстардың барысын Ғылыми-білім беру секторының аға сарапшысы Нұржан Хамзин жіпке тізді.

12135471_523733794451463_1657908427_n(1)

Әрбір өңірдің өзінің әлеуеті бар. Экономикалық көрсеткіштер еселенсе, еліміз гүлденіп, экономикамыз өрге басады. Бүгінде индустрияландыруға басымдық беріліп, облыстарда жаңа өндіріс орындары өмірге жолдама алуда. «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылған тауарлардың легі артты. «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер» акциясы игі бастамаға айналды. Оның шеңберінде елорда төрінде ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Аймақтар астаналық тұрғындардың назарына ауылшаруашылық өнімдермен қатар мәдени бағдарламаларын ұсынады. Өңірлердегі рухани ордалар да қалыс қалмай, өздерінің асыл қазыналарын көпшіліктің назарына паш етеді.

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар