Александр Машкевич: Табысқа жетемін десеңіз, көп ұйықтаудан арылу қажет

Тау-кен өнеркәсібінің сырына қанық кәсіпкер табысының кілтімен бөлісті. 1980 жылдары қарапайым университет деканы өмірін өзгертуді ұйғарған. Тәуекелге бел буып, кәсіпкерлікте бағын сынауға кіріседі. Нарықты зерделеген Александр Машкевич паллеттер мен ілгіштерді шығаруға ден қойған. Шығыны аз, табысы мол кәсіп өрге жүзді.

7O2A0006

– Негізінен көпшілік кәсіпкерлікпен айналысудан тартынады. Кеңестік кезеңде отандық тауарлар қат еді. Сондықтан кәсіпкерлікке бет бұрғандардың дені қомақты кіріске кенелгені хақ. Кішкентай кезімде кітап оқуға деген қызығушылық жер-жаһан бойынша саяхаттау арманына ұласты. Көкейімдегі мұрат орындалды. Бүгінде әлемнің талай нүктелерінде болып, көптеген адамдармен танысу бақыты бұйырды. Табысқа жетемін десеңіз, көп ұйықтаудан арылу қажет. Бүгінде кәсіпкерлікке бет бұруға ниет білдіргендер үшін мүмкіндіктер аясы кең. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық жағдайды жасап отыр. Қазақстандықтар көреген Президенттерін мақтан тұта алады, – деп өзінің кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдарын Eurasian Natural Resources Corporation PLC негізін қалаушысы және ірі акционерлерінің бірі Александр Машкевич тергіштеді.

IMG_2805

Елбасы кітапханасындағы «Global Talks» жобасы аясындағы тағылымды кездесуге Global Shapers community in Astana ұйымы мұрындық болды. Сырлы сұхбатқа айналған жиында еліміздің белсенді жастары тоғысты. Олар өздерін толғандырған сауалдарын миллиардерге жолдап, табыстың формуласы жайлы сұрады.  «Менде нақты күн тәртібі жоқ. Кейде демалыс күндері де қызметтен босамаймын. Бірақ отбасыммен тынығуға уақытымды бөлемін. Тау-кен активтерінен бас тарту ойымда жоқ. Мен 25 жыл бойы тер төккен кәсібіме қол сілтемеймін. Бірақ салаға жаңа үлгі қажет. Бүгінде Digital жүйені ендіруге кірісіп, соны технологияларға қомақты қаржы бөлінуде», – дейді кәсіпкер.

Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова кәсіпкердің шахматқа қызығушылығы жайлы сұрады. Александр Машкевич ойнау білгенімен, шеберлігімен тәнті етпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, логикалық қабілетті дамытатын шахматты мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізу қажет.

7O2A0084

3 сағат бойы өзінің өмірі мен кәсібі жайлы әңгімелеген белгілі кәсіпкерге Елбасы кітапханасы атынан кәдесый тарту етілді. Оған басты рухани азық – «Жылдар мен ойлар» және «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітаптары сыйға берілді.

IMG_2771

IMG_2890

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар