Үздік өрендерге аспан түстес көк галстук байланды

Еліміздің мерейлі белесіне орай астаналық жасұландықтар сап түзеді. Бүгін ұйымның қатарына салтанатты түрде 55 оқушы қабылданды. Антқа адалдығын, сертке беріктігін Мұхамедәлі Жүгінісов дәлелдемек. Талай халықаралық ән байқауларын еліміздің туын желбіреткен жас дарын  артылған сенімді ақтауға асық.0U3A3820

– Мен беделді «Жас ұлан» ұйымына қабылданып, ерекше әсерге бөлендім. Барлығымыз қолымызды жүрек тұсына қойып, әнұранымызды орындадық. Оның өзі бізге үлкен жауапкершілік артатынын түсінемін. Жақсы білім алып, бойымдағы қабілетті шыңдап, еліміздің мерейін асқақтатуды армандаймын. Атамекенімді жақсы көремін,  туған жеріммен мақтанамын. Өзімнің сезімімді шырқайтын өлеңдерім арқылы жеткізуге тырысамын, – дейді 7 сыныптың оқушысы Мұхамедәлі.

0U3A3842

Ұйым қатарына толықтырған өрендердің барлығына аспан түстес галстук байланды. Олар оқудағы зеректігімен, үлкендерге деген құрметімен қатарластары үшін үлгі болмақ.

– 1-4 сынып аралығындағы балалар «Жас қыранға» іріктелсе, 5-11 сыныптың үздік оқушылары «Жас ұлан» ұйымын толықтырады. Салтанатты қабылдау шаралары жылына үш мәрте ұйымдастырылады. Тек оқу озаттары мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары жасұландықтардың қатарына алынады. Біздің ұйымның жұмысы аясында балаларды туған жерге сүюге, ата-атаға және үлкендерге деген құрметке, рухани адамгершілікке тәрбиелейміз. Тәуелсіздік мейрамы қарсаңындағы тағылымды шараның маңыздылығы жоғары, – деп атап өтті«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер» РҚБ-ның төрайымы Динара Сәдуақасова.

0U3A3886

Елбасының бастамасымен  іргесі қаланған «Жас ұлан» ұйымының қатарында бір миллионға жуық мектеп оқушысы бар. Белсенді және дарынды балалардың қатарына Сымбат Зәру қосылды.

– Жасұланға мүше атану – құрмет. Тағылған көк галстукқа дақ келтірмей, жақсы оқуға, үлгілі тәлім-тәрбиеге талпыну қажет. Мен ата-анамның үкілеген үмітін ақтап, болашақта еліміздің дамуына үлес қосқым келеді. Елбасымыз біз үшін өнеге. Оған бой түзеп, еңбексүйгіштікпен жетістікке жетуге тырысамын, – деп өзінің әсерімен көк галстукты таққан №16 мектептің 5 «б» сыныбының оқушысы бөлісті.

0U3A3840

Ұйымға қабылданған астаналық оқушыларды Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев құттықтап, білім көкжиегін кеңейтуде ізденіс пен талмас талпыныс тіледі.

0U3A3828 0U3A3856 0U3A3870 0U3A3901

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар