Тәуелсіздіктің 25 негізі: Астана

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында елорданың тарихы жайлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі журналист Сәдібек Түгел сыр шертті. Оның айтары бар, біліп-түйгені көп. Қаламгер Сарыарқа төсіндегі бас қаланың мәртебесін асқақтату жолында тер төкті. Ол 1998 жылы Астана қаласы әкімдігінің тұңғыш баспасөз қызметшісі жүгін арқалады.

24-1

– Маған қала әкімдігі мен медиа-қауымдастық арасында байланыс көпірін орнату жүктелді. Біз оның тың жолдарын іздестіріп, әуелі Астана баспасөз клубын ашылды. Кейін оның аясы тар болып, халықаралық деңгейдегі ұйымды құрды. Егер 1998 жылы елордамызда бар-жоғы 8 бұқаралық ақпарат құралы болса, бүгінде олардың қатары 200-ден асып жығылады. 1997 жылы Целиноград тұрғындарын 225 мың адам құраса, 2016 жылы астаналықтардың саны 1 миллионға жетті. Бұл – еліміздің және елордамыздың қарыштап дамуының жарқын көрінісі. Бас шаһарымыз Астананы мақтан тұтамыз. Қазақтың кең жазирасында ертегі қала салынды. Оның іргетасын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қалады, – деп өткен күндерді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел ой елегінен өткізді.

Елорданың мерейін арттырудың тарихы қағазға түсірілді. Астананы арқау еткен қаламгердің 6 кітабы оқырман қауымға жол тартқан. Енді бас қалаға арналған қосымша 3 жаңа басылым баспаға әзірленуде. Жаңа туындыларында Садыбек Түгел бас қалаға деген сүйіспеншілігі жайлы қалам тербеген.

0U3A4044

– Менің арманым көп. Тәуелсіздіктің тұғырлығын, Қазақстанның өсіп-өркендеуін, бейбітшілік пен татулықтың беки түсуін аңсаймын. Кейінгі толқынға бақытты да баянды ғұмыр тілеймін. Ұлдарымыз мәдениетті, өр болып ер жетсе, қыздарымыздың бойынан инабаттылық табылатынына үміттенемін, – деп өзінің тілегін білдірді қаламгер.

0U3A4040

Өнегелі тұлғаның тағылымды сөздерін Аслан Бимырза да ұйып тыңдады. Жасөспірім талап пен тәртіпке бағынып, келешегін әскери қызметпен сабақтастырмақ.

– 2 жыл бұрын ата-анаммен бірге Астанаға қоныс аудардық. Бас қаламыз ажарымен, зәулім ғимараттарымен тәнті етті. Сүйікті елордамыздың тазалығын сақтауға атсалысамыз. Келешекте елордамызбен қатар еліміздің тыныштығын күзетуді ұйғардым. Әкемнің жолын қуып, әскер сапысында абыройлы қызмет атқарамын, – дейді №76 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы.

0U3A4078

 

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар