Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

?????????????????

Қазақстан тәуелсіздік жолының ширек ғасырлық белесін артта қалдырды. Санаулы жылдар арасында мемлекеттілікті қалыптастырудың және нығайтудың күрделі кезеңдері табысты жүзеге асырылды. Терезесі тең, керегесі кең елімізді гүлдендіру жолында отандастарымыз аянбай тер төкті.

Осы жылдар жас мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сынға салды. Миллиондаған отандасымыз сындарлы кезеңде ерлік пен елдіктің үлгісін танытты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған қазақстандық жолын, бірлік пен тұрақтылықтың үлгісін төрткүл дүние мойындады.   

Көпұлтты халқымыздың бірлігі және ынтымағы арқасында Қазақстанның Тәуелсіздік тұғыры бекіді.     

Сіздерді еліміз үшін тарихи маңызды және мерейлі күнмен құттықтап, мықты денсаулық, ел мүддесі жолындағы жұмысыңызға табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар