Тәуелсіздіктің мерейлі белесіне орай Елбасы кітапханасының қызметкерлері марапатталды

14 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында Елбасы кітапханасының қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Базаркұлұлы Қасымбеков ұжымды мейраммен құттықтап, оның маңыздылығын ерекше атап өтті: «Еліміз 25 жыл ішінде  дамудың даңғыл жолына түсіп, толайым табыстарға және айшықты жетістіктерге жетті. Бүгінде жас мемлекетіміздің мәртебесі әмбеге аян. Бұл –Елбасымыздың салиқалы саясатының және барша қазақстандықтардың ерен еңбегінің жемісі. Биылғы мерейлі  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мыңдаған жерлесіміз марапатталды. Олардың арасында Мемлекет басшымыздың бастамалары мен  идеяларын дәріптеуге және Тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосып жүрген Елбасы кітапханасының қызметкерлері бар».

0U3A3921

Елбасы кітапханасы  директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев «Парасат» орденімен марапатталды. Халықаралық жобалар қызметінің жетекшісі  Мариан Әбішева «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы»  мерейтойлық медальдармен Елбасы кітапханасының атқарушы  директоры Бейсембай Жұмабеков, Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Мейрам Бектембаев, Кітапхана Қызметтерінің басшылары – Сандуғаш Әбсәдірова және Ақару Мүкияева, сектор меңгерушілері Жангелді Бимолдин, Айнұр Достемесова, Күнсұлу Исинова, Гүльмира Кенжебалина және Кұралай Шайкенова,  аға сарапшылар – Әлия Байзакова, Бағлан Төребеков және  Күнзия Үмбетова, механик Жеңіс Орынбаев марапатталды.

0U3A3929

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар