«Тұңғыш»: атқарылған және межеленген жұмыстар

Елбасы кітапханасының қызметкерлерінен құралған «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының биылғы жұмысы бағамдалды. Кезекті отырыс жауапты және абыройлы қызметімен көзге түскен Жанар Дүйсенбиеваны марапаттаумен бастау алды. Ұйымның хатшысы елорданың гүлденуі мен қалыптасуына қосқан елеулі еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің алғыс хатына ие болды.

1X7A9696

Бір жыл ішінде атқарылған шаруалар бір төбе. Бастауыш партия ұйымының белсенділері мәдени-ағартушылық, танымдық, қайырымдылық, спорттық бағытта 120 шараға мұрындық болған. Оның аясында мұқтаж жандарға қолғабыс ету, аға ұрпаққа, жас буынға қамқорлық көрсету игі дәстүрге айналған. «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық шақ», «Донор күні»  – солардың бір парасы. Қолға алынған бастамалар бастауыш партия ұйымдары арасындағы қалалық байқауда еленіп, «Тұңғыш» 2-ші орынды қанжығасына байлады.

– Жұмысымыз жүйелі және тұрақты сипатқа ие.  Биыл  партиялықтар белсенділігімен тамсандырды. Олар қоғамдық жұмыстарға атсалысып, мазмұнды және игілікке толы шараларға өзіндік үн қосты. Жастарға өнегелі тәрбие беру, отансүйгіштікті сіңіру жолында тағылымды кездесулер ұйымдастырылды. «Тұңғыштың» әрбір мүшесі асқан жауапкершілікпен және еңбекқорлығымен ерекшеленді. Биылғы жұмыстарды жоғары бағалап, 2017 жылға межеленген шаруаларға жұмыла кірісу қажет, – деп атап өтті  «Тұңғыш» БПҰ төрағасы Жапсарбай Қуанышев

1X7A9697

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар