Елбасы кітапханасының қызметкерлері: «Мейірімділік – жүректен»

Елбасы кітапханасының қызметкерлері жыл бойы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ізгілікке толы бастамаларға мұрындық болды. Әжесі Рыскүл Өтегеновамен тұратын Нұрлыбек, Диана және Бекзат Келісбековтерге қамқорлық көрсетілді.

1X7A9969

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киімдер сатып алынды. Оларға ниет білдірген Кітапхана қызметкерлері азық-түлікпен қолғабыс етті.

1X7A9934

Мейірімділік нұры Жаңа жыл қарсаңында себілді. Рухани орда ұжымы қамқорлыққа алған отбасының жағдайын біліп, тарту-таралғыны үлестірді. Кітапхана қызметкерлері балаларды және олардың әжесін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және алдағы Жаңа жылмен құттықтады. Оларға жаңажылдық сыйлықтар тарту етіліп, қаржылай көмек көрсетілді.

1X7A99430

Мейірім шуағына бөленген отбасы мүшелері өздерінің алғыстарын білдірді.

1X7A9940

 

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар