Ұлы Абайдың қара сөздерін арқау еткен жаңа кітап

rybuf

Қазақтың данагөй ақыны Абайдың шығармалары екі ғасырдан бері адамзаттың рухани қазынасына айналған. Дара кемеңгердің қара сөздеріндегі, терең ойға толы өлеңдеріндегі мән мен мазмұн бүгінде өзінің өміршеңдігін жоғалтқан емес. Есесіне ұлы ойшылдың ой-тұжырымдарын ізгілікке ұмтылған қоғамды құруда кәдеге жаратқан жөн. Белгілі ғалым Оразалы Сәбденнің пікірі осыған саяды. Академиктің қаламынан туған «Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік цивизилизация» туындысы Елбасы кітапханасының қорын толықтырды. Автор өзінің қолтаңбасымен жинақты Мемлекет басшысына сыйға тартты. «Ұлы Абайдың рухани ой-өркениетін іске асырушы Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде Сізге ұсынамын», – деп жазған академик.

1X7A9929

Қоғам қайраткері Абайдың қарасөздері арқылы еліміздің, жалпы адамзаттың бүгіні мен болашағы жайлы ой толғайды. Сиясы кеппеген басылымда жер байлығы, адам капиталы, жастар, ауыл тағдыры, экономика мен технология іспетті өркендеуге жол салатын басты құндылықтар да тасада қалмаған. Сонымен қатар тың туындыда қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан 30-ға жуық тарихи тұлғалар туралы тың деректер ұсынылады. Олардың арасында Томирис ханша, Қорқыт ата, әл-Фараби, Мұхаммед Дулати, Абылай хан, Тұрар Рысқұлов бар.

Ұлы Абайдың феномені – ол үлкен өркениеттен шеттеу жатқан аймақта өмір сүріп-ақ, гениалды рухани идеялар тудырды. Оған «Толық адам ілімі», мораль философиясы, поэзиясы, «Қара сөздері», тағы басқа гуманизм мен рухани құндылықтары куә. Бұл кітаптың миссиясы бөлек, тәсілі жаңа. Он бес «Қара сөздің» әр «Сөзінің» мазмұны екі бөліктен тұрады. Біріншісі: «Неге жеттік, мәселенің қазіргі жағдайы қалай»,  екіншісі: «Не істеу керек, қалай шешу керек, тетігі қайда?» деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныстар беру – қиынның қиыны. Түпкі мақсат – Қазақ елін жаңа цивилизацияға, ізгілендіру қоғамына көтеру, – деп жазады автор.

1X7A9937

Тың туынды 2016 жылы 1 мың данамен жарық көрген. Оның мазмұнымен 3 тілде танысуға мүмкіндік бар: қазақ, орыс, ағылшын. Оразалы Сәбденнің жазған еңбегі 6 тараудан тұрады: «Абай және қазақ елінің болашағы», «Тарихи ұлы тұлғалар», «Ғалымдардың пікірлері», «Түрік халықтары тарихының мұражайы», «ХХ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы», «Түркістан өңірі» рухани-жаңа технологиялық кластерін құру».

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар