Елбасы кітапханасын Шөмішбай Сариевтің «Таңдамалысы» толықтырды

Сезімін өлеңмен өрнектейтін көрнекті ақынның «Балдәурен», «Арайлы көктем», «Теңізден соққан жел, «Тағдыр», «Өң мен түс», «Үш өлшем», «Тағдыр жыры», «Біздің ғасыр», «Қос қанат», «Шөл даланың ұлымын» жинақтары ұлттық поэзияның тынысын кеңейте түсті. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар Шөмішбай Сариевтің жыр маржандары «Таңдамалы» кітабында жарық көрді. Сиясы кеппеген басылымға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері 50 жыл бойы қалам тербеген өлеңдері мен әндері енген. Екшеленген және сұрыпталған таңдамалы шығармалар қатарына «Дүниені жалт қаратсам деп едім», «Ұлы Дала – шөл даланың ұлымын», «Менің мемлекетім», «Екі сурет», «Жеті бояу – жеті толқын» іспетті мазмұны терең жырлар енген. «Ойлан, балам», «Асыл ана», «Аралдан ұшқан аққулар», «Домбыра» секілді халыққа танымал өлеңдерге жазылған әндер де назардан сырт қалмаған. Жырсүйер қауым кітап арқылы ақынның 1966 жылдардан бастап жазған шығармаларымен таныса алады.

furniture-pine-kitchen-tables-oak-lacquered-wooden-white-kitchen-tables-rectangle-kitchen-dining-table-classic-designing-kitchen-table-furniture-home-interior-apartment-decorate-on-cool-kitchen-table

«Таңдамалының» мазмұны 12 тараудан тұрады. Жинақ Шөмішбай Сариевтің 70 жылдық мерейтойына тарту ретінде 2016 жылы жарық көрген. Туған жерге сезімін өлеңмен өрнектеген ақын «Таңдамалы» кітабын Елбасына сыйға тартты. «Қазақтың кемеңгер тұлғасы ретінде «Таңдамалымның» бірінші авторлық данасын сыйлай отырып, жазған автографым:

Ақын болған сәтте Жерге сыймаймын,

Өлеңім мен Өмір сені қимаймын.

Тәуелсіз ел «Таңдамалы» кітабым,

Ең әуелі Елбасыма сыйлаймын», – деп атап көрсеткен ақын.

1X7A9994

Тәуелсіздік жылдары қазақ поэзиясының мерейін көтерген Шөмішбай Сариев қазақтың жеті ақынының бірегейі ретінде АҚШ жарық көрген «Ұлы Дала жыры» энциклопедиясына енген. Танымал ақын Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль, «Платиналы Тарлан», «Жыл Адамы – Алтын адам» сыйлықтарының лауреаты болып табылады.

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар