Сындарлы жылдардан сыр шертетін мұрағат құжаттары

1X7A0019

Елбасы кітапханасындағы «Елбасы жолы» көрмесіне 50-ден астам бірегей мұрағат құжаттары ұсынылған. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамаларынан және тәуелсіз еліміздің даму тарихынан сыр шертеді. Экспозиция арқылы 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарих куәгерлерімен – құжаттармен, суреттермен танысуға мүмкіндік бар. Олар 5 тақырыпқа бөлінген: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, еліміздің экономикалық дамуы, әлеуметтік жаңғырту: тұрақтылық пен даму векторы, Қазақстанның мәдени дамуы, Қазақстан әлемдік қауымдастықта.

Көрме еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларындағы жасампаз өзгерістермен таныстырады. Түпнұсқалық тарихи құжаттарда тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру жұмыстарының басты кезеңдері және Елбасының жаһандық деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетілген.

1X7A0029

Көрмені дайындау жұмыстары екі айға созылды. Әуелі мұрағаттағы 1000 жуық құжат зерделенді. Іріктелген құнды материалдар 10 витринада әдеттегі хронологиялық тәртіпте емес, тақырыптық түрде көпшіліктің назарына ұсынылған. Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырлық жолы басты тарихи шешімдер, қолға алынған стратегиялық бастамалар арқылы көрсетілген. Семей ядролық полигонын жабу, бас қаланы көшіру, «Қазақстан-2030» стратегиясы, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі. Елбасымыздың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақтылық пен тыныштықты нығайтуға бағытталған бастамалары мен идеяларына әлем жұртшылығының да назары ауды. Мемлекет басшысының салған қазақстандық жолын, бірлік пен тұрақтылықтың үлгісін төрткүл дүние мойындады, – деп көрменің мән-мазмұнына Архив жұмысы секторының аға сарапшысы Арайлым Жүнісова тоқталды.

1X7A0030

Көрмеге ширек ғасырды еңсерген тәуелсіз еліміздің тыныс-тіршілігін сипаттайтын бірегей мұрағат құжаттарымен қатар Елбасының жұмыс күнделіктері ұсынылған. Оның біріндегі жазбалар 1992 жылға белгіленген міндеттерден сыр шертеді

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар