Елбасы кітапханасында 11 жыл бұрын Мемлекет басшысы өз қолымен өңдеген мемлекеттік әнұранның мәтіні сақталған

2006 жылдың дәл осы күні «Менің Қазақстаным» әні еліміздің әнұраны ретінде алғаш рет Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына ресми кірісу рәсімінде орындалды.

11 жыл бұрын елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қолжазбаның түпнұсқасы бүгінде Елбасы кітапханасында сақталған.

1X7A9975_2_00000

Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында мемлекеттік әнұран екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

1992 жылы мемлекеттік әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданған. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұраны музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар үздік мәтінге жарияланған байқауда белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар