ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛАР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы №369 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылды.
Оған сәйкес экскурсиялардың кестесі өзгертілді:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы келушілерді аптаның дүйсенбісінен басқа күндері сағат 10.00-нан 18.00-ге дейін үзіліссіз қабылдайды. Экспозицияларға сағат 17.15-ке дейін кіруге болады.
10 адамнан асатын топтарға  шолу және тақырыптық экскурсиялар алдын-ала өтінім бойынша сағ. 10.30; 12.00; 14.30; 16.00 қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  өткізіледі.
Экскурсиялар 40-50 минутке созылады.

Ә. Бөкейхан көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан Кітапхана ғимаратында экскурсияларға өтінімдер 8 (7172) 69-30-42 телефон нөмірі бойынша қабылданады немесе www.presidentlibrary.kz сайтының «Оқырмандарға» бөліміндегі электрондық тапсырыс арқылы жазылуға болады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы ғимаратына кіру тегін, тек жеке куәлік қажет.

Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан (кіреберіс Абай даңғылы бойынша) Кітапхана музейі ғимаратында экскурсияларға өтінімдер 75-12-96, 75-12-76, 75-12-92 телефон нөмірлері арқылы қабылданады.
Әр сәрсенбі және жұма күндері сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы Резиденциясымен танысуға болады: Президенттің жұмыс кабинеті, Камин залы, Қысқы бақ және т.б.
Кітапхана музейінінің ғимаратына кіру тегін.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар