Астана қ., Республика даңғылы, 2
Талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тел.: +7 (7172) 57 23 35
Е-mail: nazarbayevcenter@gmail.com

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Назарбаев Орталығының Баспа үйі дамудың басым бағыттарын айқындады

Назарбаев Орталығының Баспа үйі дамудың басым бағыттарын айқындады

Назарбаев Орталығының жанынан шілде айында ашылған Баспа үйінде Редакциялық кеңестің отырысы өтті.

Президент Кеңсесінің бастығы, «Назарбаев Орталығы» ММ директорының міндетін уақытша атқарушы Махмұд Қасымбеков атап көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы Президенттік институтқа, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму тарихына сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени мәселелерге арналған басылымдарды жүйелеу және жарыққа шығару Баспа үйінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Баспа үйі тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеушілер үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік пен кәсіби орта қалыптастырады. Осыған орай отырыста Баспа үйінің саясаты мен стратегиясын жан-жақты ашып көрсететін Ереже талқыланып, Баспа үйі қызметінің мақсаты мен міндеті және бағыты күн тәртібіне қойылды.

Пікір алмасу кезінде жетекші ғалымдар мен талантты жастардың және еліміздің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын адамдардың ғылыми күшін біріктіру үшін жаңа алаң құру қажеттігі айтылды.

Басқосу барысында Баспа үйінің Редакциялық Кеңес мүшелері бекітілді. Оның құрамына қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті Сауытбек Әбдірахманов, С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры Несіпбек Айтұлы, Қазақ радиосының директоры Махат Садық және басқалар кірді.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар