ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ҚАЙТА ҚҰРУСЫЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ АСУЫНАН ӨТУ МҮМКІН ЕМЕС – ЭКОНОМИСТ

www.ortcom.kz

Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі экономикалық тұрақсыздықтың теріс көріністеріне қарсы әрекет ету үшін тиімді жолдарды ұсынады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында осындай пікірді ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Кітапханасының Стратегиялық зерттеулер және болжамдау қызметінің басшысы Михаил Мироненко білдірді.

«Елбасы сөз етіп отырған нақты ахуал сыртқы және ішкі факторларды түсінуден қалыптасады. Ұлғайып бара жатқан сыртқы әсерге қарсы тұру үшін және оның салдарын төмендету үшін Қазақстан әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жетілдіруі тиіс», – деді сарапшы.

Михаил Мироненко соңғы он жылда елімізде қоғамның барлық әлеуметтік топтары әл-ауқатының өсуі қамтамасыз етілді. Ал бүкіл әлемде, соның ішінде дамыған елдерде, кейбір әлеуметтік топтарда барлығының әл-ауқатының өсуі болған жоқ.

Сарапшының пікірінше, әлем экономикасы орнықсыздығының күшеюі мен геосаяси шиеленістің өсуі қолайсыз сыртқы ахуалдың туындағанын білдіреді. Мұнай жағдайда барлық елдерге одан кейінгі әлеуметтік –экономикалық даму үшін ішкі сақтық қорларын жұмылдыру табиғи процесс болып табылады.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар