Астана қ., Республика даңғылы, 2
Талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тел.: +7 (7172) 57 23 35
Е-mail: nazarbayevcenter@gmail.com

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Елбасының «Жылдар мен ойлар» және «Времена и думы» атты кітаптарының тұсаукесері

Елбасының «Жылдар мен ойлар» және «Времена и думы» атты кітаптарының тұсаукесері.

АСТАНА, 2013 жыл 3 шілде. БҮГІН Назарбаев ОрталығындаҚазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» және «Времена и думы» атты кітаптарының тұсауы кесілді.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігі және Назарбаев Орталығының қызметкерлері, оқу орындарының, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, мәдениет қайраткерлері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімді Президент Әкімшілігі кеңсесінің басшысы М. Қасымбеков алғы сөзбен ашты. Ол жарық көріп отырған кітаптарда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктелініп алынған толғамдары мен қанатты сөздері топтастырылғанын атап өтті. Түрлі тақырыптарды қамтитын ой-толғаныстар жинақтала келе Президенттің тұлға, мемлекет қайраткері және саясаткер ретіндегі философиялық ұстанымын айшықтап қана қоймай, сонымен бірге қазіргі Қазақстанның біртұтас тарихи бейнесін құрайды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін жарық көрген «Туған елім – тірегім», «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халқыммен», «Мыслями с народом поделюсь» атты жинақтарын оқырман жылы қабылдаған болатын.

Жарық көріп отырған кітаптар жоғарыда аталған жинақтардың қисынды жалғасы іспетті бола тұра, өзіндік мазмұндық жаңалығымен ерекшеленеді. Тұсауы кесілген туындылар 2007–2013 жылдар аралығындағы материалдармен толықтырылған және бұрынғы нұсқаларға енбей қалған ой-пікірлердің басы біріктірілген.

Тұсаукесер рәсімінде ҚазҰӨУ жанындағы Қорқыт мұрасын зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламентінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Қазақстан халықы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің хатшысы Наталья Калашникова, жазушы Дүкенбай Досжан, С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры, ақын Несіпбек Айтов, Назарбаев Орталығының ресми өкілі Оксана Лоскутова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Кәміл Байрамов пікір білдірді.

Сөз алғандар Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси, ғылыми және публицистикалық шығармаларын талдауға негізделген бұл басылым маңызды әлеуметтік мағынаға ие, әрі дамытушылық, ғылыми, ағартушылық, білім берушілік, тәрбиелік функцияларды атқаратынын атап көрсетті.

Жаңа басылымдардың тұсаукесер рәсімі Қазақстанның барлық аймақтарында өтеді. Осылайша халық арасында кең таралуға мүмкіндік алады.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар