«Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық конкурсының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1.«Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық конкурсының ұйымдастырушылары (бұдан әрі – Конкурс) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ және «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДБҰ болып табылады.

1.2. Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларын оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаланудың инновациялық формалары мен зерттеу әдістерін анықтау мақсатында өткізіледі.

 

  1. Конкурсқа қатысушылар

2.1.Конкурс қатысушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері»дербес білім беру ұйымдарының педагогтері болып табылады.

2.2.Конкурсқа катысушыларға жасы, педагогикалық еңбек өтілі, біліктілік санаты бойынша талаптар қойылмайды.

 

3.Конкурсты ұйымдастыру комитеті

3.1.Конкурсты басқару үшін ұйымдастыру комитеті(бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті)құрылады.

3.2.Ұйымдастыру комитеті төрағадан, жауапты хатшыдан және мүшелерден тұрады.

3.3.Ұйымдастыру комитетінің құрамы конкурсты ұйымдастырушылармен жасақталады.

3.4. Ұйымдастыру комитеті:

-Конкурстық комиссия құрамын тәуелді емес білікті мамандардан жасақтайды (Қосымша 1);

- конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестер өткізеді;

- конкурсқа катысушыларға тең жағдай және мүмкіндіктер жасайды;

- конкурс жұмыстарынобьективті бағалауын және конкурстың жариялы болуын қамтамасыз етеді;

-қатысушаларды конкурс нәтижесімен уақытында хабардар етеді;

3.5.Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге сәйкес конкурс шарттары мен өткізу тәртібінің сақталуына жауапты болады

3.6.Ұйымдастыру комитетіәзірлеме авторларымен 3-ші тұлғаның авторлық құқықтарының бұзылуына жауапты болмайды.

 

  1. Конкурстың мазмұны және өткізу тәртібі

4.1.Конкурсқа катысушыбілім беру үрдісінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітаптарының бірі бойынша әдістемелік әзірлемелер ұсынады. Кітаптар Елбасы кітапханасының сайтындағы (presidentlibrary.kz) Кітапхана бөлімінде қолжетімді.

4.2. Конкурстық жұмыстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

4.3.Конкурсты өткізу кезеңдері:

-  Конкурс 2016 жылдың мамырынан желтоқсанға дейін өткізіледі.

- 2016 жылдың 10 қазанына дейін конкурс білім беру мекемесінің өз ішінде.

- 2016 жылдың 30 қазанына дейін білім беру мекемесінің өз ішіндегі конкурс жеңімпаздарының жұмыстары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына жіберіледі.

Жұмыстарды ұсынылған талаптар бойынша ресімдеу қажет. Өтінімді толтыру міндетті (Қосымша 2).

- 2016 жылдың 10 қарашаға дейін конкурс жұмыстарын келесі кезеңге іріктеу, конкурс нәтижелерімен қатысушыларды хабардар ету.

- 2016 жылдың 01 желтоқсанына дейін көпшілік алдында қорғау, жеңімпаздар және номинаттарға марапаттар мен сыйлықтарды салтанатты табыстау рәсімі (Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Еңбекшілер көшесі, 10. )

4.4. Конкурс жұмыстары қағаз және электронды тасымалдағышта мына мекенжайға ұсынылады: 010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Еңбекшілер көшесі, 10, 407 кабинет.Е-mail:issinovak@mail.ru

Кеңестер алу үшін байланыс телефоны:8-7172-69-30-61

Исинова Күнсұлу Серікқызы

 

  1. Конкурс жұмыстарын ресімдеу талаптар

5.1.Конкурс жұмысының жалпы көлемі – А4 форматында 10 беттен аспауы қажет.

5.2.Басты шрифт – Times New Roman – 14, тақырыбы – Times New Roman – 16; интервалы: сөзарасында – 1,0 см; үстіңгі және астыңғы бос жер – 2,0 см, сол және оң жағында – 2,0см.

5.3.Негізгі бетте білім беру мекемесінің толық атауын, тақырыбын, автор туралы мәліметтерді(аты-жөні, қызметі),байланыс телефоны, e-mail.адресін көрсету қажет.

5.4. Қысқаша аңдатпада (түсіндірме жазбасы) жұмыстың көкейтестілігі, қысқаша мазмұны, автордың қолданған педагогикалық технологиялараталып көрсетіледі.

5.5.Презентацияның қосымшасына дидактикалық материалдар: тірек конспектісі, блок-сызбасы, иллюстрациялар, графикалық материалдар және басқалары (автордың шешіміне қарай) қосуға рұқсат етіледі.

MS PowerPoint бағдарламасында ұсынылған презентацияларға қойылатын талаптар

5.6. Презентациякөлемі 10 слайдтан аспайтын сапалы иллюстрациялық материалдан, дыбыстық және/немесе/ бейнефайлдан, анимациялық қосымшадан, интерактивті элементтердентұруы қажет.

5.7.Слайдқа орналастырылған нысандар оның шегінен шықпауы керек.

5.8. Слайдқа ауқымды мәтіндерді орналастырмаған жөн.

5.9.Презентация біртектес стиль және түс гаммасында болуы тиіс.

 

  1. Конкурс жұмыстарын бағалау

6.1.Конкурс жұмысы құрылымды, көзделген мақсаттар және міндеттері болуы, әдістемелік жаңашылдығы және оның тиімділігіне автордың берген бағасы болуы тиіс.

6.2. Конкурс комиссиясы қатысушылар ұсынған жұмыстарды келесі қағидалар бойынша талдайды және бағалайды:

- ұсынылған ережелердің негізділігі,жеке тәжірибеде дәлелденген саны мен сапасы және басқалары.

- әдістемелік әзірлеменің практикалық маңыздылығы, оны білім беру мекемелерінде пайдалану мүмкіндігі;

-қолданылатын технологиялар мен әдістердіңинновациялығы;

- қолданылған формалар, әдістер, амалдар, оқытудың техникалық құралдарының педагогикалық мақсаттылығы;

- материал баяндаудың логикалығы, дәлділігі, сауаттылығы, сабақтың әдістемелік әзірлемесін ресімдеуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

6.3. Жұмыстың негізгі құндылығы нақты іске асуы.

 

  1. Конкурстың қорытындысын шығару

7.1. Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстар Ережеде аталған қағидаттарға сәйкес келетін болса конкурсқа қатыса алады.

7.2. Конкурс нәтижелері туралы ақпарат Елбасы кітапханасыныңресми сайтында(www.presidentlibrary.kz) жарияланады

7.3. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар конкурстың қорытынды іс-шарасында табыс етіледі.

7.4. Сертификаттар мен дипломдарды ресімдеу конкурс қатысушысымен жұмысының басты бетінде көрсеткен ақпараты бойынша жүзеге асады.

 

Қосымша талаптар:

-конкурсты ұйымдастырушылар(әдістемелік нұсқаулықтар шығарған жағдайда) Конкурсқа ұсынылған материалдарды авторға сілтеме жасай отырып өз қалаулары бойынша пайдалуға құқылы;

- Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды.


Қосымша 1

Қосымша 2

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар