Қазақ-канада ғылыми конференциясына «Қазақстанда канадалық үлгіні қолдану» МАҚАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

Мемлекетті басқарудың канадалық үлгілері бойынша Қазақстанда экономика және әлеуметтік дамуды салыстырмалы зерттеу саласындағы бірлескен Қазақстан-Канада конференциясы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қазақстандағы Канада елшілігі бірлесңп, төмендегідей тақырыптарда мақалалар байқауын жариялайды:

  • Халықаралық қауіпсіздік және сыртқы саясат
  • Энергетика және климаттың өзгеруі: ішкі және сыртқы саясат
  • Құлдыраулар мен көтерілулерді басқару: ресурстық экономиканың ақша-несие және фискалдық саясаты
  • Тұрақты даму: ауыл шаруашылығы мен минералдық ресурстарды пайдалану
  • Әлеуметтік әртүрлілігі ретіндегі әлеуеті: плюрализм және мультикультурализм
  • мемлекеттік басқару: мемлекеттік мекемелер мен тәжірибені дамыту.

Қатысуға студенттер, оқытушылар, ғалымдар және сарапшылар шақырылады.

2016 жыл 1 тамыз – құжаттар тапсырудың соңғы күні. Тапсырылған құжаттар 2016 жылдың 17 тамызы, конференцияға дейін ұйымдастыру комитетімен қарастырылады. Үздік жұмыстардың авторлары өз баяндамаларын таныстыру үшін конференцияға шақырылады және мынадай сыйлықтарға ие болады.

Гран-при:

  • «Үйең жапырағы» канадалық ақшалай сыйлық (жалпы құны 500 канадалық доллар)
  • жол жүру гранты (500-ге дейін канадалық доллар)
  • конференцияда баяндама жасау
  • мақаланы жариялау мүмкіндігі

 

Екінші орын:

  • жол жүру гранты (200-ге дейін канадалық доллар)
  • бағалы сыйлық
  • мақаланы жариялау мүмкіндігі

 

Үшінші орын:

  • жол жүру гранты (100-ге дейін канадалық доллар)
  • бағалы сыйлық
  • мақаланы жариялау мүмкіндігі

 

Талаптары мен өлшемдері

Барлық құжаттар ағылшын тілінде жазылуы тиіс және салыстырмалы талдау енгізілген болуы шарт. Сондай-ақ, Қазақстандағы канадалық үлгіні тәжірибеде пайдалану ұсыныстарын қамтуы қажет.

Автордың аты-жөні, поштасы немесе электрондық мекен-жайы, телефон нөмірі және лауазымы материалдың титулдық бетінде көрсетілуі тиіс.

Құжаттар Канаданың Қазақстандағы елшілігіне поштамен немесе электронды пошта арқылы қабылданады:

astnag@international.gc.ca

Конференцияны ұйымдастыру комитеті өтінімдерді бағалауды мынадай өлшемдер негізінде өткізеді:

  • зерттеу сапасы
  • идеяның бірегейлігі
  • салыстырмалы талдаудың сапасы мен жаңашылдығы
  • ұсыныстардың қолданылуы, іс-қимылы немесе одан әрі зерттелуі, өзектілігі мен саясатқа қатысы.

Конференцияға қатысты барлық сұрақтармен Канаданың елшілігіне хабарласыңыз astnag@international.gc.ca

Қысқаша ақпарат

Канада мен Қазақстан бір-бірінен алыста және әлемнің мұхиттармен бөлінген қарама-қарсы жағында орналасқан болып көрінуі мүмкін. Бірақ біздің елдеріміздің арасында көптеген ұқсастық бар. Бұл ұқсастық ғаламдық бәсекелес әлемде бізді табиғи серіктестер етеді. Олар біздің халықтарымызға және жалпы әлемге жақсы болашақ үшін бізге әріптестіктің берік негізін береді.

Канада мен Қазақстанның география, климат және табиғи ресурстар секілді ең айқын ортақ ерекшеліктері бар. Бұл тау-кен өнеркәсібі, энергетика және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ білім беру сияқты салаларда коммерциялық ынтымақтастық орасан зор әлеует әкеледі.

Көпконфессиялы, көпұлтты елдер ретінде Канада мен Қазақстанның жақсы қоғамның неден құрылатынына ортақ көзқарастары мен құндылықтары бар. Канадалық басқару үлгісі ұжымдық игіліктердің күрделі тұжырымдамасы әр түрлі тілдерге, мәдениеті мен болмысына құрметпен әзірленген.

Бұл үлгінің Қазақстанда жұмыс істейтін көп белгілері бар және олар бізге діни бостандықтарды қорғауға және мемлекеттік қызмет бойынша біліммен бөлісуге негіз болады.

Сондай-ақ ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелері бойынша қарудың таралуын тоқтатуда әлемдік аренада біздің көзқарастарымызды жақындатады. Біздің ұлттық мүдделерімізді алға жылжыту мен консенсусқа қол жеткізу үшін шешуші мәнге ие БҰҰ және ЕҚЫҰ институттарының белсенді мүшелігінде болуы Канада мен Қазақстанды байланыстырады. Сонымен қатар, Канада мен Қазақстан кейбір ірі ядролық отынды жеткізушілер үшін, ядролық қауіпсіздік пен оны таратпауда маңызды рөл атқарады.

Біздің жеріміздің, халықтарымыздың, құндылықтарымыздың табиғи ұқсастығы өзара тиімді әріптестікке жағдай жасайды. Қазақстан – институттар мен қағидаларын қамтамасыз ету үшін тұрақты экономикалық және әлеуметтік өсудің даму процесіндегі жас ел. Канада бұл экономикалық өсуден пайда алады, сондықтан ол Қазақстанның тұрақты дамуына тікелей мүдделі.

Бұл студенттер мен оқытушылардың Канада мен Қазақстанның одан әрі ынтымақтастықта болу идеясын талқылау және әзірлеу үшін Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен бірлескен канаданың Қазақстандағы алғашқы конференциясы.

Сондай-ақ бұл бастама Канадамен ынтымақтастық орнатып, байланысты дамытуға мүдделілер үшін мүмкіндік береді.

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар