АСТАНАНЫҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛУЫ

1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Халықаралық аренада еліміздің жаңа елордасын – Астана қаласын ресми түрде таныстырды. Бүгін мақтанышпен бас қаламыздың кәмелетке жетуін тойлап отырмыз.

Сол кезден осы уақытқа дейін қала экономикалық өсудің тұрақтылығына жол салып келеді, мұны өнеркәсіптік өндіріс көлемінің артуы (2015 жылы астанада өнеркәсіптік өнімдердің деңгейі өткен кезеңмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті), Астана бюджетінің, құрылысқа салынатын инвестициялардың және тұрғын үйлерді іске қосудың артуы айқын дәлелдейді.

Осы он сегіз жыл ішінде ерекше жылдамдықпен қала салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, 2015 жылы ол 414 738 476 мың теңгені құрады, бұл өз кезегінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,6%-ға артық, іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2014 жылмен салыстырғанда 56,1%-ға өсті және 1 494 592 ш.м. –156,1% құрады.

2017 жылға дейінгі дамытудың Бас жоспары бойынша Астанада ТМД-дағы ең биік әкімшілік-тұрғын кешендерінің бірі «Абу-Даби плаза»; теміржол бекеті; ЖРТ бірінші шіреті (ITS интеллектуалдық транспорттық жүйесін өзіне қосатын жеңіл рельсті транспорт жүйесі) және тағы басқа объектілерді жобалау мен құрылысын салу жоспарланып отыр.

Осы объектілер ЭКСПО 2017 жыл Бүкіләлемдік көрмесін жүргізу шеңберінде қарастырылған. Көрме  «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы энергия жабдықтаудың күшті әлемдік технологияларын тартуға, қолданыстағы энергия көздерін тиімді қолданудың жаңа технологияларын әзірлеуге және сәйкесінше көрме объектілерін және инфрақұрылымдарын салу үрдісіне шағын және орта бизнесті қатыстыруға мүмкіндік береді. Көрмеге 100-ден астам елдің, 2 миллионнан астам адамдардың қатысуы жоспарлануда.

2014 жылы жалпы ауданы 174 гектар құрайтын көрмелік кешеннің құрылысы басталды, оның құрамына төрт мың пәтер, қонақжай, Конгресс холл, жабық қала, ұлттық павильон, халықаралық, тақырыптық және бірлескен павильондар, сауда, көңіл көтеретін және қызмет көрсету объектілері кіреді.

ЭКСПО-2017 базасында Бүкіләлемдік көрмені аяқтаудан кейін «Астана» қаржылық орталығы құрылады. Өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Халықаралық қаржы орталығы» туралы ҚР Заңы жобасының тұсаукесерін өткізді. Қаржы орталығының басым сипаттағы стратегиялық бағыттарының бірі капитал нарығын дамыту болып табылады. Капиталдың өтімді жергілікті нарықтарын құру негізінде қосымша шетелдік инвестицияларды тарту, ұлттық экономиканың өсуі және Қазақстандық банк жүйесі баламасының пайда болуы мүмкін. Екінші стратегиялық бағыт нарық пен активтерді басқару бойынша сараптаманы дамыту болып табылады. Активтерді басқару бойынша күшті халықаралық компанияларды оқшауландыру және жетекші әлемдік тәжірибе деңгейіндегі активтерді басқару бойынша ішкі сараптаманы нығайту Астана қаласының активтерді басқару бойынша аймақтық орталыққа айналуына мүмкіндік береді.

Елордасы халқының саны өсіп келеді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 %-ға өсті немесе 872 619 адамды құрады. Сәйкесінше қосымша әлеуметтік сала (білім, медицина, мәдениет) мекемелері және жаңа жұмыс орындарына қажеттілік туындап отыр. Осыған орай қалаға ішкі және сыртқы инвестициялар тартылуда. Астанада инвестицияларды игеру бүкіл Қазақстан бойынша басты орынды алады. 2015 жылы 772 701 655 мың теңге игерілді, өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ға артық. Бұл қаланың экономикалық өсуіне және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне (осы уақытта 4,7%-ды құрайды) әкелді.

 2016 жылдың есепті кезеңінде жұмыспен қамту орталығына өтінішпен келгендердің ішінде астана халқының 45,8%-ы жұмыспен қамтылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еңбекақының орташа атаулы мөлшері Республика бойынша үшінші орынға ие, 2015 жылы еңбекақы 183,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 %-ға артық.

Астананың дамуы елордасы қонақтары мен тұрғындары үшін жайлы орта құруға бағытталған. Табиғатпен кенттену және үндестіру мақсатында «Эко-қала» Концепциясы әзірленген, болашақта – көгалдандыру сілемдерінің кеңістік бірлігі «жасыл дәлізді» құру жоспарлануда.

Бүгін Астана еліміздің мәдени бас қаласы ғана емес, ұлттық коммуникация және басқарушы мәдени алмасу орталығы болып табылады. Қазақстанның елордасы Халықаралық Астаналар Ассамблеясы  және ТМД-ның ірі қалаларына жатады, бұл өз кезегінде Астананың экономикалық жағдайының тұрақтылығын және іс-әрекеттердің әр түрлі салаларында үздіксіз дамуын көрсетеді.

***

Адам өмірге келгеннен бастап 18 жасқа дейін өсуге, дамуға, ой өрісінің дамуына уақыты бар, содан соң ол сіңіріп алған білім байлығымен өз жолын өз бетімен қалап шығады. Сол сияқты Астана да 18 жасында үлкен нәтижелер көрсетіп,  өзінің әлеуетімен және ірі мүмкіндіктерімен қалыптасуын одан әрі жүргізуде. Астана күні құтты болсын!

Махаббат Сембаева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының  кітапханасы

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар