Астана – әсемдік пен мәдени алқап жазирасы

Астана әлемдегі ең жас астана. Ол Қазақстан Республикасының әкімшілік орталығы мен және 877,7 мың тұрғына бар (2016 жыл 1 қаңтарға дейнгі статистикалық жағдайы бойынша), өте қызу дамитын қалалық инфрақұрылым, Астана тұрғындары мен келіп-кетуші қонақтарға толық жабдықталған үйлесімді де жайлы өміршеңдікпен қамтамасыздандырады. Қала – жаңа мүмкіншіліктер мен жаңа бастаулармен толы. Тәуелсідік Қазақстан мен заманауи дәуірді іс жүзінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Біздің Отанымыздың астанасы болуына байланысты, быйыл оған 18 жыл толады. Бұл Республика осы 18 жыл ішінде біздің мыңдаған отандастарымыздың жүректерінде үлкен орын алады. Қиын қайта құрылудан кейін – жаңа астана барлық аймақтағы адамдардың өмірін жандандырып, және ұлттық рухты көтере білді.

Астананы орын ауыстыру туралы шешімінің өзі, халық және оның алдындағы болашақ үшін үлкен жауапкершілікті қадам болып табылатындығы, бұл оның Егеменді Қазақстан астанасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбайевтың жемісі екендігің дәлелдейді. Мемлекет орталығындаға жаңа ғана егемендікке ие болған ең басты жаңа қаланы құру оңай шешім емес. Тәуелсіздік Қазақстан денгейі барлық өтіп жатқан оқиғалармен бірге әрекет жасай отырып, барлық салалардағы да жаңарудыда қозғамай қойған жоқ.

Астананның орын ауыстыруына келесігідей өзгерістер мән-жайлар себеп болды. Қазаұстан астанасын Алматыдан басқа қалаға ауыстыру үшін көптеген мақсаттар мен міндеттер талап етілді. Талқылаудың негізі болып отыз екі талдаудың ең  онтайлы нұсқасы болып әкімшілік пен саясаттық орталықтарды егеменді Қазақстанның Ақмола қаласына алмастыру дұрыс шешім болып табылады. Ландшафтттық, Сейсмикалық жағдай, қоршаған орта, климат, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, инженерлік-траспорттық инфрақұрылым, құрылыс комплекстері, еңбек ресурстары және басқа да факторлық көрсеткіштер бойынша бұл қала ең оңтайлы нұсқа.

Ақмола қаласының көш-қоныс кезіндегі отырықшы халық саны 290 мың адамдарды құраған. Қала құрылысын дамытып, салу үшін ешқандай шектеулік болғанжоқ. Жаңа ғимараттар мен микроқалашықтарды тұрғызып, өңдеу үшін, жетекші архитекторлардың бағалауы бойынша қала орталығының аумағында отыз гектардай бос аймақтар болды. Санды ұлғайтуда қаланың үлкен аумақтық сақтық қорлары болды.

Саяси идеяларды сәтті іске асыру символы және мемлекет басшысының ынтасы – қазіргі заманауи Астана жаңа, өте тез деңгейдегі дамып келе жатқан мегаполис. Астанада Қазақстанның саяси және әкімшілік ресурстары орналасқан, қаржы секторлары өте үлкен жылдамдықпен қарқынды дамуда, сонымен қатар астана білім мен ғылымның орталығы болып табылады.

Қалада жыл санап мектеп пен білім орталықтары, бала бақшалар саны өсіп келеді, осыған байланысты бала бақшаға деген кезекшілікке тұру саны жыл сайын қысқартылуда. Ағымдағы жылдың басында Астанада 166 бала бақша мен 25 білім орталығы тіркелген, соған байланысты мектепке дейінгі білім алушылар саны отыз төрт мың баланы құрайды. Қала бойынша 92 жалпы білім беретін мектеп, сонымен қатар 34 мемлекеттік және жеке меншік колледждер болып есептеледі. Былтырғы жылдың қыркүйек айында 17 мың астаналық балалар бірінші сыныпқа қадам басты.

Астаналық мектеп оқушылары елімізде бірнеше жылдар қатарынан озық позициялық орындарды алуда. Қазақстанның барлық аймақтарында Бірінғай Ұлттық Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғарғы орталық статистикалық көрсеткіш 81 баллмен Астана бірінші орында. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Астана мектеп оқушылары халықаралық олимпиада мен жарыстарда 200-ден жоғары жүлделі орынға ие болды.

Мемлекеттің барлық аймақтарынан мыңдаған астам талапкерлер еліміздің жетекші деген ЖОО – Назарбаев Университі, Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университет, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Қазақ Ұлттық өнер университеті және тағыда басқа университеттеріне білім алуға келеді. Астананың қалалық әсемдік пен тұрмыс салттық өмірі тез арада ең тандаулы дамыған инфрақұрылымдық қалалардың бірі болып, лайықты, беделді орын алады.

Жылдан жылға сұлу Астананың одан да әдемі түріне сән беретін архитектуралық әсем ғимараттар салынуда. Біздің Астанамызға келген қонақтарды таңғалдыратын, ерекше мағынасы зор, әдемі сұлбасы бар, архитектуралық көркем өнерлер мен құрылыстар аз емес.

Мысалы, Астана символына келетін болсақ, қаланың ең негізгі көрікті жерлерінің бірі Бәйтерек монументі. Мемлекет басшысының ынтасы бойынша салынған монумент биіктігі 97 метр болатын, ежелгі көшпенді қазақтардың Ағаш өмірін елестетін аңыз – өзінің тарихын сақтайтын, берік  және ынтасы мол, жарқын болашақты мемлекеттің бейнесін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президент резиденциясы, Бәйтерек монументінен уш жүз метр қашықтықта орналасқан Ақорда (әлемдегі ең сұлу президент резиденцияларының ішіндегі 10 ең сұлу ғимараттар санына жатады), сот жүйесінің теңдігі мен ашықтығын бейнелейтін, бір біріне өте ұқсас екі жағы бірдей бағыттағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот ғимараты, ең үлкен шатырлы формасы бар, биіктігі 150 метр Гиннес рекордтары кітабына енген Сауда ойын-сауықтық орталығы “Хан-Шатыр” және “Думан” океанариумы, ол өзінің тамшы түрінде мұхиттан ең алыс жатқандығымен ерекшеленеді, Астананың осы сұлу ғимараттары ерекше көңіл аудартады.

Бұдан басқа да тұрғын үй комплекстері, сәулетті әкімшілік ғимараттары, парктері мен фонтандары, көркем нақышты салынған монументтер, және архитектуралық бейнелер бар. Бүгінгі Астана күн санап біздің көз алдымызда барлық архитектуралық белестермен жарқырайды. Өзының сұлулығымен және ұлағатты архитктуралық құрылыстары мен біздің жарқын болашағымызда көптеген әлемдегі ұлы астаналардан асып кетпесе қалыспайды.

Бүгінгі күні біздің жас Астана өзінің бойына архитектуралық және құрылыс саласындағы әр түрлі амалдарды жинай білді. Бірақ-та Астана өзінің архитектуралық сәулеттерімен ғана айрықша белгілі емес, Қазақстан азаматтарының адамгершілік құдіреттілігі мен, өзінің туған жерінің жақсылап жабдықтаудағы бірліктігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігімен және әсемдік пен мәдени алқап әлемі жасап және оны іске асыруымен.

 

Серікжан Құсайынов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының  кітапханасы

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар