Астана қ., Республика даңғылы, 2
Талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тел.: +7 (7172) 57 23 35
Е-mail: nazarbayevcenter@gmail.com

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана-Барселона

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Кеңсе басшысы М.Б. Қасымбековтың «Астана-Барселона» балалардың жазғы футбол мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

АСТАНА, 2013 жыл 9 шілде «Астана-Арена» стадионында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Кеңсе басшысы, Назарбаев Орталығы» ММ-нің директор қызметін уақытша атқарушы М.Б. Қасымбеков «Астана-Барселона» балалар футболының жазғы мектебінің тәрбиенушілерімен кездесті.

Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков«Астана-Барселона» балалардың жазғы футбол мектебінің тәрбиеленушілерін құттықтап былай деді:

Құрметті оқушылар, бүгінгі күні елімізде спорттың дамуына көп көңіл бөлініп отырғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Жер-жерде спорт кешендері, спорт клубтары, әр аулада спорт алаңдары салынып жатыр. Мемлекетіміздің тарапынан спортқа, оның ішінде балалар спортына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Себебі, балалар спорты біздің болашағымыз. Осы ұйымдастырылып отырған жазғы футбол лагері сіздер үшін үлкен мүмкіншілік, әрі сіздерге зор үміт артылуда. Сіздерге еліміздің футбол спортын жаңа деңгейге көтеру қажет. Жаңа табыстар мен сәттілік тілеймін!

Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейлда Байшаков қатысты:

Қазақстан футбол федерациясы атынан және барлық футбол қоғамдастығы атынан қазақстан футболының, әсіресе балалар футболы мектебінің дамуына қолдау көрсеткен Назарбаев Орталығына зор алғыс айтқым келеді.

«Астана-Барселона» балалар футболының жазғы мектебінің бапкері, Испаниядағы FCB жаттықтыру лагерінің атқарушы директоры Карлес Марторель Бакес:

  • Жазғы футбол лагеріне қатысып жүрген балалар мен ұйымдастырушыларға алғысымды білдіріп, Назарбаев Орталығына рахмет айтамын. Біз бүгін сіздерге келгенімізге қуаныштымыз, балалар бұл лагарден құштарланып, әрі уақыттарын жақсы өткізеді. Біз өз жұмысымызбен Астананың футбол деңгейінің көтерілуіне үлес қосудамыз. Бәріңізге үлкен рахмет!

Балаларға естелік сыйлыққа футбол доптары тарту етілді. Допақа М.Б. Қасымбековтың, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті С.И. Байшаков, бапкерлер Карлес Марторель Бакес және Иван Поланко Сантьяго қолтаңбалары қойылған.

Кездесуден соң «Қазақстан спорт технологиясы» ЖШС өкілдері мен жазғы мектеп жаттықтырушылары және Назарбаев Орталығы командасының қатысуымен жолдастық матч ойыны болды.

Жаңа маңызды жобаның ұйымдастырушысы мен бастамашысы Назарбаев Орталығы.

Еліміздің барлық аймағынан іріктелініп алынған 9-11 жас аралығындағы 80 балаға Испаниядағы FCB жаттықтыру лагерінің атқарушы директоры Карлес Марторель Бакес бастаған Еуропаның ең мықты бапкерлері футбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйретті.

Жоба – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында атап көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асырып, жасөспірімдер мен жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтады.

Жазғы футбол дәрісі 30 маусымнан басталып 14 шілдеге дейін жалғасады. Ол

екі кезеңнен тұрады: 30 маусымнан 7 шілде аралығында еліміздің 13 аймағынан 40 бала шеберлік-сағатына қатысты, ал 8 мен 14 шілде аралығында Астана мен Ақмола облысының оқушыларына дәріс оқылды. Шеберлік сыныбы тегін өткізіледі.

Шараның ұйымдастырушылары: «Қазақстанның спорттық технологиялар» ЖШС және ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі. Жоба туралы толық ақпаратты: www.footballcamp.kz сайтынан қарай аласыздар.

«Астана-Барселона» балалар футболы жазғы мектебінің жаттықтырушылар құрамы:

Карлес Марторелл Бакес

  • (1973 ж.т.)UEFA PRO ұлттық жаттықтырушы дәрежесінің иегері, дене шынықтыру тәрбиесі бойынша маман, «Барселона» ФК әдісімен «Командалық басқару бойынша спорттық жаттықтырушылардың жоғары дәрісі» сертификатының иегері, «Tactic Sport Services» компаниясының негізін қалаушы, «Барселона» балалар мектебі мен кампус жұмыстарын ұйымдастыру және қолдаумен айналысады.

Иван Поланко Сантьяго

  • (1980 ж.т.) UEFA PRO ұлттық жаттықтырушы дәрежесінің иегері. Команданы басқару мен тактика бойынша маман. Спорттық менеджмент магистрі (Johan Cruyff Institute).

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар