Бейжіңде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерктер» кітабының таныстырылымы өтті

Бейжіңде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерктер» кітабының таныстырылымы өтті

2013 жылдың 25-қазанында Қытай Халық Республикасының астанасы – Бейжің қаласында Махмұд Қасымбековтың қытай тілінде жарық көрген «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерктер» кітабының таныстырылымы өтті.

2008 жылы бірінші рет жарық көрген кітап, қытай тіліне аударылып ҚХР оқырман қауымына ұсынылып отыр.

Тарихи-публицистикалық баяндау жанрында жазылған және очерктер сериясы қалпында құрылған кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді.

Кітап авторы – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саясат ғылымдарының докторы, профессор Махмұд Қасымбеков нақты фактілерден құралған материалдардың, бірегей мұрағаттық құжаттардың, сондай-ақ жеке бақылауының негізінде Мемлекет басшысының көп қырлы тұлғасын адам, азамат, ұлт көшбасшысы ретінде көрсете білген.

Махмұд Қасымбеков көп жылдардан бері Н.Ә. Назарбаевтың қызметі арқылы президенттік институт пен Қазақстан Республикасының жаңа тарихын зерделеумен айналысып келеді. Оның ғылыми және шығармашылық жүгінде ғылыми монографиялар, оқу құралдары, көп томды сериялық басылымдар, публицистикалық жинақтар, көптеген мақалалар бар.

Олардың қатарында 1990 жылдан бастап Қазақстан Президенті қызметінің хроникасы, 1989 жылдан бастап таңдамалы сөздерінің жинағы және Н.Ә. Назарбаевтың ресми биографиясы сынды көп томды сериялы басылымдар.

Қытай тілінде жарық көрген кітап ҚХР Қазақстан Республикасы Елшілігінің, Назарбаев орталығының, Қытай халқының шет мемлекеттермен достастық қоғамының және Қытай ұлттық баспасының қолдауымен жүзеге асты.

Қытай халқының шет мемлекеттермен достастық қоғамының ғимаратында өткен тұсаукесер рәсіміне қытай тарапынан – Юй Хунцзюнь (Қытай Компартиясы ОК Халықаралық бөлімі меңгерушісінің орынбасары), Сун Цзинъу (Қытай халқының шет мемлекеттермен достастық қоғамының Орталық Азия және Еуропа бойынша департаментінің меңгерушісі),Чжоу Сяопэй (ҚХР Қазақстандағы бұрынғы елшісі, Орталық Азия елдерімен Қытай достастық қоғамы президентінің орынбасары), Ван Мофу (Қытай ұлттық баспасының жауапты редакторы) қатысты.

Қазақстан тарапынан М.Б. Қасымбеков (ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, профессор, саясат ғылымдарының докторы, кітап авторы),

Н.Б. Ермекбаев (Қазақстанның ҚХР елшісі), Б.Б. Темірболат (Қазақстан Республикасы Президент Кеңсесі басшысының орынбасары), С.Ә. Абдрахманов («Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті), Д. Мәсімханұлы (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық Университетінің қытай тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қытай тілін оқыту бойынша Халықаралық қоғамның мүшесі), О.П. Лоскутова («Назарбаев орталығы» ММ ақпараттық-имиджілік жұмыс қызметінің басшысы).

Шақырылған қонақтардың қатарында ҚХР қазақ диаспорасы мен ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері болды.

Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтті. Таныстырылымға келгендердің ойы бір жерден шықты. Олар Н.Ә. Назарбаев туралы тағы да бір пайдалы кітаптың шығуы, оның тұлғасы мен қызметіне деген қызығушылықтың ҚХР ғана емес, әлем бойынша өсіп келе жатқанын атап көрсетті.

Шығыста «Мыңжылдыққа жол алғашқы қадамнан басталады», – деген сөз бар. Қазақстан көшбасшысы туралы кітаптың басылуы XXI жүзжылдықтағы Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы стратегиялық және тұрақты тату көршіліктің дамуына оң ықпал ететін қадамдардың бірі болды. 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар