Елбасы парақтаған кітаптар: дала даналығынан бір үзік сыр

«Әр адаммен жеке сөйлес, сонда ісің оңға басады». Мәні терең қанатты сөзді Елбасы кітапты парақтаған кезде қарындашпен белгілеген. Нұрсұлтан Назарбаев оқыған басылым «Құпиясыз басқару» деп аталады. 1993 жылы жарық көрген жинақ жоғары басшыларға арналған. 480 бетте ұлы тұлғалар мен даналардың ғибратты ойлары,  кеңестер, ережелер және қағидалар топтастырылады. Олардың әрқайсысы тақырыптарға сәйкес жүйеленіп, өмірдегі оқиғалармен өрнектеледі. Мәселен, бірінде жапондық премьер-министрмен болған оқиға сипатталған. Ал екіншісінде «өтінімдер жоқ жерде, сауалдар да орын алмайтыны» жазылады. Оған экономика ғылымдарының докторы А.Алексеевтің сөздері негіз болған.

0U3A03255

Елбасының қолтаңбасы «Перекличка веков» кітабында да сақталған. Нұрсұлтан Назарбаев көңілінен шыққан нақыл сөздерді белгілеп қойған. Олардың арасында сөз бен іске, адаммен тіл табысу, дұрыс жолды табуға байланысты афоризмдер жиі кездеседі. Мәселен, «Жол айқын болмаса, дана және сақ адамға жүгініңіз. Олар ерте ме кеш пе сәтті амалды табады». Бұл  Б. Грасианның қанатты сөзі. 1990 жылы баспадан шыққан кітапта ұлы ғалымдардың, философтардың, жазушылар мен ақындардың ой-пікірлері қамтылған. Үңіліп көрсеңіз, айналаны біліп-танудың, адамдармен тіл табысудың, табысқа жетудің кілті ашылады.

Бүгінде қос кітап Елбасы кітапханасында сақталып тұр.

BCS2_4874 BCS2_4875 BCS2_4876 BCS2_4878

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар