Елбасыға сыйға тартылған спорттық жәдігерлер

Спорт саңлақтары Пеленің жейдесі, Серік Сәпиевтің қолғабы, Александр Винокуровтың майкасы. Олардың әрқайсысын көремін десеңіз, Елбасы кітапханасына асығыңыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартылған жәдігерлер көрмеге қойылған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа футбол патшасы Пеленің қолтаңбасы бар сыйлықты Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва табыстады. Әлемнің үздік шабуылшысы өзінің сары-жасыл түсті жейдесінде Елбасына табыс тілейтінін жазған. Жер-жаһанға танымал испандық «Реал Мадрид» клубының 10-шы нөміріндегі футболкасында Елбасының есімі көрсетілген.

0U3A0428

Жейделер топтамасын отандық спортшылардың сыйлықтары да толықтырады. «Астана» командасының бас менеджері, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың майкасы 2015 жылдың қаңтарында тарту етілген.  

Көрмеде Елбасының киген спорттық киімдерін көруге болады. Олардың арасында 2004 жылы Афинадағы Олимпиаданың ашылуы барысында киген спорттық костюмі бар. Мемлекет басшысының теннис, гольф ойнауға арналған спорттық жиынтықтар бар. Анадайдан тау-шаңғы спортына арналған костюм көзге түседі.

— Нұрсұлтан Әбішұлы бала кезінен спортқа ден қойған. Ол жасөспірім шағында күреспен айналысты.  Бүгінде тау шаңғысы — сүйікті спорт түрлерінің бірі.  Оған кемел шағында, 50 жасқа таяған кезде бет бұрды.  Десек те жеткен жетістіктері бір төбе.  Елбасы салауатты өмір салтын насихаттап, жас ерекшелігіне қарамастан, барлығын спортпен шұғылдануға үндейді, – дейді Елбасы кітапханасы Экспозициялық-көрме жұмысы секторының аға сарапшысы Жансұлу Махамбетчина.

0U3A0433

0U3A0431

0U3A0431

Көрмеде былғары қолғап шеберлерінің қолтаңбасы көзге оттай басылады. Серік Сәпиевтің 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы былғары қолғабы бар. Онда «Астана Арланс» кәсіби клубы мүшелері қолтаңбаларын қалдырған.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар