Елбасы кітапханасының мұрағатшылары ШҚО аумағында ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізуде

25 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей ядролық полигонын жабылып, қазаққа көп зардабын тигізген қасіреттің көзі жойылды. Қабылданған батыл қадамның куәгерлерімен жүздесу, бірегей құжаттарды жинау үшін Елбасы кітапханасының мұрағатшылары Шығыс Қазақстан облысына аттанды. Олар 10 күннен бері Семей қаласының аумағында ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Елбасы кітапханасының мұрағатшыларынан құралған экспедиция мүшелері Семей қаласын, Абай ауданын аралап, бүгін Курчатов қаласына табан тіреді. Қажырлы еңбектің арқасында 400-ден астам тың материал жиналды. Олардың арасында құжаттар, суреттер, бейне деректер, газеттің қиындылары бар.

20160721_122920

– Біз тек құжаттарды іздестірумен ғана шектелмей, қасіретті жылдарға, Семей полигонының жабылуына куәгер болған тұлғалардан сұхбат аламыз. 14 адамнан сұхбат алу жоспарланған. Бүгінде «Невада-Семей» қозғалысының вице президенті Сұлтан Қартоевпен, Абайдың жиені Балтабек Ерсалимовпен және тағы басқалармен әңгімелестік. Абай ауданында халықпен кездестік. Жидебайда Елбасына бата берген Жағыпар ағамызбен кездестік. Ол кісі өзінің жеке кітабын Елбасына сыйға тартты, – деп Курчатов қаласынан ғылыми-іздестіру экспедициясының барысы жайлы телефон арқылы Жангелді Бимолдин хабарлады.

Ғылыми-іздестіру экспедициясының мүшелері Семей-облыстық тарихи-өлкетану мұражайын, жергілікті Құжаттану орталығын, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасын аралады.  Олардың назарына бірқатар түпнұсқалық құжаттар ілікті. Алда әлі де үлкен күш-жігерді талап ететін күрделі жұмыс бар.  Елбасы кітапханасының мұрағатшылары Семейдегі радиологиялық орталыққа, «Семей таңы» газетінің редакциясына ат басын бұруды жоспарлап отыр.

20160721_124525 (1)

 

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар