Жазғы кезеңдегі семинар-тренингтер жалғасуда

Жазғы уақытқа қарамастан, Елбасы кітапханасы ғылыми-білім беру жұмысын мықтап қолға алды. 2 ай ішінде 300-ден астам қазақстандық білім көкжиегін кеңейтті. «Әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбындағы семинар-тренингтерге Астана қаласындағы колледждердің сутеденттері мен оқытушылары, «Жас Отан» ЖҚ, «Жас ұлан» РББЖҰ өкілдері, жас мамандар (Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары), мектеп оқушылары қатысты. Дәріс барысында «100» қадам Ұлт жоспарының бағыттары талқыға салынып, оның жүзеге асырылуы бойынша ашық пікірталастар ұйымдастырылды.

0U3A9801

Семинарда білім берудің қазіргі технологиялары кәдеге жаратылды. «Қазақстан патриоты», «Сөз құдіреті», «Еуразия жүрегінде», «Өзгерістер қуаты», «Бастама және әріптестік», «Бейбітшілік және келісім» тақырыптарындағы интерактивтік үстелдердің материалдары қарастырылды.  Тыңдаушылар Елбасының бастамалары және идеялары жайлы бірегей мұрағат құжаттарымен, суреттермен, деректі фильмдермен танысты.  

Семинар тек дәрістермен ғана шектелмейді. Еліміздің дамуына үлес қосып жүрген тұлғалармен жүздесіп, оларға көкейдегі сауалдарды жолдауға мүмкіндік бар. Биылғы маусым және шілде айында тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Нысандарды қорғау қызметінің майоры Жандос Жүсекеевпен, Мемлекеттік күзет қызметі  Идеологиялық тәрбие жұмысы жедел басқару тобының инспекторы, подполковник  Жанаргүл Ешентаевамен, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ляззат Ибрагимовамен,  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮАҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешевпен кездесулер өтті.

0U3A9870

Семинар-тренингке қатысушылар Елбасы кітапханасында Астана күніне арналған 5 көрмені аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Жазғы дәрістер өзінің жалғасын табады. Тамыз айында 150 тыңдаушы тәлім алмақ. Олардың арасында құқық қорғау органдарының жас мамандары, еліміздегі «Назарбаев зияткерлік мектептері» АБҰ 20 білім ошағынан ұстаздар, мемлекетіміздің барлық өңірінен БАҚ өкілдері бар.

0U3A0297

 

 

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар