«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІ» – ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДАНЫҢ АСҚАҒЫ

Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру кешеніндегі алты интерактивті үстелдің үшіншісі дәл осылай аталады. Оқытудың заманауи мультимедиалық және технологиялық құралына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен идеялары арқау болған. Еліміздің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, бірегей мұрағат құжаттарымен, құнды суреттермен және деректі фильмдермен танысуға жол ашық.

0U3A3436

Еңселі елорданы арқау еткен интерактивті үстелдің мазмұнын қалыптастыруға екі жылға жуық уақыт жұмсалған. Кітапхана қызметкерлері деректердің дәйектілігін екшелеп, материалдардың сапалылығына баса назар аударды. Нәтижесінде бас қала жайлы мультимедиялық энциклопедия әзірленді.

– Білім беру үстелдеріне арналған материалды іздестіру және жинау тынбай еңбек етуді қажет етті. Біз отандық және шетелдік әдебиеттерді зерделедік. Ғылыми-зерттеу экспедициялары өткізілді. «Еуразия жүрегінде» тақырыбын жан-жақты ашу үшін бас қаланың іргетасын қалауға байланысты ауқымды әрі шағын іс-шаралар назардан тыс шығарылмады. Оның арқасында білім беру үстеліне елордалық және өңірлік мұрағаттардан, Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық университеті ғылыми қорынан алынған мұрағат құжаттары, суреттер, фильмдер мен бейнематериалдар жүктелді, – деп сөзін түйіндеді Ғылыми-білім беру бағдарламалары секторының аға сарапшысы Ақбота Хамитова.

0U3A6562

Өткен жылмен салыстырғанда жиналған және жүйеленген материалдың көлемі 3 есе артқан. Бас қаламыздың тарихы жайлы сыр шертетін материалдар үш тілде ұсынылған: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Тарихи ақпараттарды ой елегінен өткізіп, түйген білімді сауалдар арқылы тексеруге мүмкіндік бар. Әрбір тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтармен қатар күрделі ұғымдарға түсініктеме, тарихи тұлғалар туралы мәліметтер, әдебиеттер тізімі қарастырылады.  

«Еуразия жүрегі» тақырыбындағы интерактивті үстелдің мазмұны 11 тақырыптан тұрады. Оның аясында орта ғасырлардағы Бозоқ қалашығы, 19-ғасырдағы Ақмола бекінісі, 20-ғасырдағы бүкілодақтық тың игерудің орталығы, тәуелсіздік тоғысындағы Ақмола және бүгінгі Еуразия құрлығының жүрегі сипатталады.

 

 

 

 

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар