Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының

Жеке мұрағаты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Жеке мұрағаты (бұдан-әрі Жеке мұрағат) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының (бұдан-әрі Тұңғыш Президент) қызметінің және қоғамдық қызметінде пайда болған өмірбаяндық, шығармашылық материалдардың, құжаттардың түпнұсқаларынан (немесе көшірме) құралады.

Жеке мұрағатта:

1) Тұңғыш Президенттің өмірбаяндық сипаттағы жеке құжаттары, өмірбаяны, естеліктері, жеке хат жазысу құжаттары;

2) Тұңғыш Президенттің еңбек қызметі туралы, наградталуы мен сыйлықтар алуы туралы құжаттары, Тұңғыш Президенттің және Тұңғыш Президентке жолдаулары, үндеулері, құттықтаулары, қолдаулары;

3) Тұңғыш Президенттің шығармашылық, мәдени, ғылыми қызметі туралы құжаттар: күнделіктер, мемуарлар, қолжазбалар, баспа еңбектер, суреттер, сызбалар, миниатюралар, эскиздер, нобайлар, кітаптардың гранкалары мен беттеулері, түзетулері бар мақалалардың үлгілері, афишалар, үзінділер, конспектілер, ғылыми баяндамалардың мәтіндері, сөйленген сөздердің қолжазбалары;

4) Тұңғыш Президенттің қоғамдық қызметінің құжаттары, баяндамаларының, есептерінің, қызметтік жазбаларының алғашқы қолжазба түрлері мен көшірмелері, сайлау алды бағдарламаларының мәтіндері;

5) Тұңғыш Президенттің өз жұмыстары үшін және өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша жинаған құжаттары (мақалалар, естеліктер, үнқосулар, газет және журнал жарияланымдары, өзге тұлғалардың қолжазбалары мен хаттары, газеттерден, журналдардан, құжаттардан қиып және көшіріп алынған тақырыптық топтамалар және т.б. );

6) мәтіндік ілеспе ақпараты, мазмұны, орны, датасы, түсірген авторы көрсетілген аннотациялары бар  фото-, фоно-, бейне-, киноқұжаттар, бейнелеу материалдары;

7) отбасы мүшелері мен жақын туыстарының құжаттары сақталады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының келесі құжаттары: үлгерім табелі, куәлік, көрікшінің рұхсат қағазы, құрмет грамотасы, алғыс хаттары, мандаты, депутаттық билеттері, ата-аналарының құжаттары және туған жері жайлы ақпараттар құндылығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Жеке мұрағатындағы құжаттар тәуелсіз және егемен Қазақстанның қалыптасу үрдісін, Президенттік институттың қалыптасуын, жас еліміздің мемлекеттік құрылуы, жаңа астана, заң шығарушы және атқарушы билікті құру, басқару аппаратын кемеліне келтіру, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси кемелденуін сипаттайды.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар