Құрметті пайдаланушылар!

Электронды каталогта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Жеке мұрағатытың (бұдан-әрі Жеке мұрағат) ашық құжаттар Тізбесі ұсынылған. Қолданушы е-Мұрағатта осы Тізбемен таныса алады. Бұл үшін жүйеге “Қонақ ретінде кіру ” режимінде кіру қажет.

Электрондық істерге қол жеткізу үшін электрондық нысанда тіркелуге өтініш беріп белгіленген үлгідегі өтінімді толтыру керек.

Өтінім берілгеннен кейін жауапты мұрағат қызметкері өтінімді қарап, мақұлдайды және оны пайдаланушының тіркеу туралы электрондық поштасы бойынша хабардар етеді.

Осыдан кейін пайдаланушыға одан әрі құжаттармен жұмыс істеу үшін алдын ала сұрау, танысу мүмкіндікгі беріледі.

Пайдаланушылардың жеке мұрағаттың құжаттарымен жұмыс жасау тәртібі, олардың құқықтарымен міндеттері “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мемлекеттік мекемесінің” ғимаратында болу және  ” Жеке кітапхана мен Жеке мұрағатты пайдалану туралы  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының” ережесіне байланысты анықталады.

Сіздің мұрағаттағы жұмысыңыз табысты болу үшін Жадынамен танысыңыз. Пайдаланушының Жадынамасы.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар