Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы туралы

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2014 жылдың 13 наурызында құрылды. Мекеменің мақсатына Президенттің жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының қызметін жүзеге асыру, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерделеу, Президенттің ойлары мен бастамаларын ел ішінде және шет елдерде ілгерілету жатады.

Тұңғыш Президент кітапханасы қазіргі Мемлекет басшысының орталығы болып тұрғанымен ерекешеленеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатындағы 20 мыңнан астам басылым мен 700 жәдігер жинақталған: олардың арасында мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, Президенттің өз қаражаты есебінен алынған өнер туындылары және тарихи мәні зор құндылықтар бар. Кітапхана қоры жаңа кітаптармен, құнды жәдігерермен, бірегей мұрағаттық материалдармен үнемі толықтырылып тұрады.

Жеке кітапханада ақпараттық тұрғыдан мол қамтылған әрі Елбасының жұмыс істеуі үшін жоғары технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған шығармашылық бөлмесі ашылған.

Кітапхана – заманауи электрондық-мұрағаттық инфрақұрылым ғана емес, сондай-ақ ұлттық мәдени-тарихи құндылықтың құрамдас бөлігі саналатын бірегей ақпараттық ресурс. Келушілер www.presidentlibrary.kz ресми сайты арқылы Елбасының электрондық кітапханасына қол жеткізе алады. Қолданушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру әрі ғылыми және білім беру мақсатында интернет құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, Кітапханада әлемдік баспалардың лицензиялық мәліметтер қорын пайдалануға жағдай жасалған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының дәйекті әрі жүйелі экспозициялық-көрмелік қызметі Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен бастамаларын тақырыптық тұрғыдан көрсетуге бағытталған. Келушілерге Мемлекет басшысының тұжырымдамалық ойларымен және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен жан-жақты, терең танысуға мүмкіндік беретін экспозициялар интерактивтік үстелдер контенті, бірегей жәдігерлер, фотокадрлар, еліміз жылнамасының дәстүрлі мұрағаттық материалдары түрінде ұсынылған.

Кітапхана жүзеге асырған жобалардың бірі ретінде «Елбасы кітапханасы» мобильдік қосымшасын айырықша атап көрсетуге болады. Онда Мемлекет басшысының кітаптары топтастырылған. Жоба мазмұны әрі жаңашылдығы жағынан бірегей. Мұндай кітапхана әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың ешбіреуінде жоқ. Мобильдік кітапхана Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітаптарын мейлінше қолжетімді ете түсті. Осылайша бұл еңбектерді AppStore, Googleplay, Windows Store и т.б. арнайы интернет-дүкендер арқылы смартфондарға, планшеттерге және өзге де дербес компьютерлік бағдарламаларға тегін алуға не қотаруға болады.

Кітапхана білім алушылар мен оқытушыларға тақырыптық экспозициялар, пікірталас клубтарын ұйымдастыру, ақпараттық және әдістемелік семинарлар өткізу жолымен қоғамға білім беру жобаларын ұсынады. Елбасының Кітапханасы – Қазақстан дамуының перспективалары мен жетістіктерін талқылау, Мемлекет басшысының жаһандық бастамаларымен байланысты әлемге ортақ мәселелерді талдау бойынша өткізілетін халықаралық іс-шаралар мен форумдардың беделді алаңы. Бұл тұрғыда Кітапхана басқа да шет еліндегі кітапханалармен ынтымақтаса жұмыс істейді. Әлемнің ұлы көшбасшыларының мұрасын сақтаудағы тәжірибесін меңгереді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапхананасы» ММ директоры міндетін Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков атқарады.

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар