Құрылым

  • КІТАПХАНА КЕШЕНІ

    Міндеттері:

    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жеке кітапханасының қызметін қамтамасыз ету;
    • Қазақстандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға мейлінше жедел әрі тиімді қолжетімділік туғызатын заманауи ақпараттық инфрақұрылым жасақтау;
    • Қазақ мемлекеттілігінің теориясы, тарихы және практикасына байланысты ұлттық мәдени мұраға қолжетімділікті қамтамасыз ету және сақтау.

    Қызмет басшысы – Сандуғаш Хамитқызы АБСАДИРОВА
    Тел.: 8 (7172) 693030

  • МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ҚЫЗМЕТІ

    Міндеттері:

    • Мемлекет басшысының саяси идеялары мен стратегиялық
    • бастамаларын ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
    • Мәдени-ағартушылық және ғылыми-білім беру жұмысы;
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының экспозициялық-көрмесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

    Мәдени-ағартушылық жұмыс қызметінің құрылымы:

    • Ғылыми-білім беру бағдарламалар секторы;
    • Экспозициялық-көрме жұмысы секторы.

    Қызмет басшысы – Ерден Алмабекұлы ОРДАБЕК

    Тел.: 8(7172) 693060

     

    Ғылыми-білім беру бағдарламалар секторының міндеттері:

    • Қазақстандық жол контексінде мемлекеттілік мәселелері туралы қоғамның әртүрлі топтары үшін мәдени-ағартушылық және ғылыми-білім беру бағдарламаларын, сұхбат алаңдарын ұйымдастыру;
    • Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке табысқа жету тарихы, идеялары, құндылықтары мен саяси философиясы негізінде білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жаһандық идеялары мен бастамаларын түсіндіру және ілгерілету;
    • Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында, жалпыұлттық бірегейлік пен ел бірлігіне тәрбиелеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
    • өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен, шетелдік өкілдіктермен, ғылыми-білім беру мекемелерімен, шығармашылық одақтармен, жастар ұйымдарымен және азаматтық қоғамның басқа да институттарымен ынтымақтастықта жұмыс жүргізу.

    Сектор жетекшісі – Күнсұлу Серікқызы ИСИНОВА

    Тел.: 8 (7172) 693061

     

    Экспозициялық-көрме жұмысы секторының міндеттері:

    • Экспозициялық қорды (экспонаттардың толық сақталуына кепілдік беретін және оларды бүліну, ұрлану, бұзылудан қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау) сақтау;
    • Білім беру қызметі, оның ішінде ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру, әртүрлі әлеуметтік топтағы және жастағы келушілердің сұраулары мен қызығушылықтары бойынша икемді бағдар беру;
    • Шолу және тақырыптық экскурсиялар ұйымдастыру мен өткізу;
    • Экспозицияға арналған материалдар жинау бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-ізденіс жұмысы.

    Сектор жетекшісі – Айымкүл Қазбекқызы ЖАНҚҰЛИЕВА

    Тел.: 8 (7172) 693042

     

  • ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ

    Міндеттері:

    • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ ақпараттық саясатын түзу және жүргізу;
    • жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ қызметі туралы уақытылы ақпараттандыру;
    • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ қызметі туралы қоғамдық жағымды пікір қалыптастыру мен имиджін қолдау;
    • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ іс-шараларын ақпараттық қолдауды жүзеге асыру.

    Қызмет басшысы – Оксана Павловна ЛОСКУТОВА

    Тел.: 8 (7172) 693050

     

    Жұртшылықпен байланыс қызметінің құрылымы:

    • Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс Секторы;
    • Протокол Секторы.

    Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс Секторының негізгі міндеттері:

    • Кітапхананың ақпараттық саясатын қалыптастыру және жүргізу;
    • Кітапхана жұмысына ақпараттық қолдау көрсету;
    • бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болу;
    • Кітапхана жұмысына қатысты қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныстарын қанағаттандыру;
    • Кітапхананың ресми сайтын жүргізу.

     Сектор жетекшісі –  Гульмира Негматовна КЕНЖЕБАЛИНА

    Тел.: 8 (7172) 693054

     

    Протокол Секторының негізгі міндеттері:

    • Іс-шаралар кезінде ұйымдастыру-хаттамалық қызмет атқару;
    • Қазақстан Республикасындағы, шет елдеріндегі мемлекеттік органдармен, мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату;
    • Кітапхана шараларының қатысушылары мен БАҚ өкілдерін тіркеуден өткізу;
    • Кітапхана басшылығының қатысуымен өтетін мемлекет және халықаралық шараларға қатысу, бағдарлама дайындау.

     Сектор жетекшісі – Құралай Шайденқызы ШАЙКЕНОВА

    Тел.: 8 (7172) 693051

     

  • ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-КАДР ЖҰМЫСЫ ҚЫЗМЕТІ

    Міндеттері:

    • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ кадрлық саясатын іске асыруға, сондай-ақ жетілдіруге негізделген ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
    • барлық құжаттарға құқықтық сараптама жүргізіп олардың заң нормаларына сәйкестендірілуін қамтамасыз ету;
    • Кітапхана  қызметіндегі авторлық құқық саласындағы заң нормаларының сақталуын бақылау және Кітапхана зияткерлік меншігінің объектілерін қорғау;
    • кітаптарды басып шығаруға, оларға сараптамалық анализ жасап  ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдамалық және публицистикалық әдебиетті таратуға қатысу, сондай-ақ әр түрлі тасымалдау құралдарынан, әр түрлі форматтар мен стандарттардан көшірмелер жасап өңдеп шығаруды қамтамасыз ету;
    • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ басшылығының қызметі мен техникалық қамтамасыз етуін ұйымдастыру;

    Қызмет басшысы – МУКИЯЕВА Ақару Оралқызы
    Тел.: 8 (7172) 693080

     

  • ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ

    Міндеттері:

    • Бухгалтерлік, статистикалық, салық есептерін дайындау және тапсыру, қаржылық операцияларды өткізу, материалдық және ақшалай құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
    • Еңбекке ақы төлеу, салық салу, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік меншігін басқару операцияларын өткізу, қаржылық және шаруашылық қызметіне байланысты жобалар дайындау барысында қатысу.
    • Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу.

    Жетекші – бас бухгалтер ШЫНЫБЕКОВА Анель Жанатқызы
    Тел.: 8 (7172) 693070

  • ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

    ГЕОСАЯСИ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕШЕНІ

    Міндеттері:

    • Қазақстанның сыртқы саясаты және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Мемлекет басшысына болжалдық-талдамалы материалдар, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
    • Қазақстанның сыртқы саясаты қызметін Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттарында анықталған, басымдыққа ие елдер бағыттарында одан әрі жетілдіру мүмкіншіліктерін қарастыру және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері үшін тактикалық және стратегиялық тәуекелдерді бағалау;
    • екіжақты қатынастар мен халықаралық орта өзгерістерінің Қазақстан Республикасына ықпалы тұрғысынан ықтимал сценарийлерін түзу.

    Қызмет басшысы – Ержан Айдарұлы САЛТЫБАЕВ

    Тел.: 8 (7172) 693020

    СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ БОЛЖАУ ҚЫЗМЕТІ

    Міндеттері:

    • «Назарбаев моделі» – қазақстандық жол, қазақстандық мемлекеттілік тарихы, теориясы мен практикасын зерттеу, зерделеу және таныту;
    • Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын зерттеу мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалы материалдар дайындау;
    • Мемлекет басшысы мен Президент әкімшілігі басшылығына «Қазақстан-2050» және дамыған 30 елдің санатына ену бағдарламасы жүзеге асырылуының тиімді жолдарын іздестіру мақсатында болжалдық-талдамалы материалдар, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

    Қызмет басшысы – Михаил Владимирович МИРОНЕНКО

    Тел.: 8 (7172) 693090

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ҚЫЗМЕТІ

    Міндеттері:

    • Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық дамуы, сондай-ақ сыртқы саясаты жөнінде өзекті мәселелер бойынша проблемалық-тақырыптық баяндамалар, монографиялар, сарапшылар бағалауын әзірлеу және басып шығару;
    • Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бастамаларын елімізде және шет елдерде ілгерілету жөнінде ғылыми-практикалық іс-шаралар ұйымдастыру және халықаралық зияткерлік алаңды дамыту мақсатында ұлттық сарапшылық желісін дамыту;
    • бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында шет елдік талдау орталықтарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықты дамыту.

    Қызмет басшысы –  Мариан Асарқызы ӘБІШЕВА

    Тел.: 8 (7172) 693091

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар