Басшылық

  • Директор

    Махмұт Базарқұлұлы ҚАСЫМБЕКОВ

    Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы ММ директорының міндетін атқарушы»

    1952 жылы 2 тамызда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, математика пәнінің мұғалімі, экономист, саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

    Еңбек жолын 1969 жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастады.

    1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетін, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

    1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен хатшысы болып істеді.

    1976-1983 жылдары Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

    1983-1990 жылдары Алматы облыстық және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде еңбек етті.

    1990 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты, кейіннен Мемлекет басшысының Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі.

    1996 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, кейін бастығы.

    М.Б. Қасымбеков 60-қа тарта кітаптың авторы және құрастырушысы, 100-ден астам ғылыми мақала жазған. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», ІІІ дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

  • АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

    03ЖҰМАБЕКОВ Бейсембай Қуанышұлы

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры лауазымына 2015 жылдың 17 ақпанында тағайындалған.

    Бұған дейін атқарған лауазымы: Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    1964 жылдың 24 маусымында Қарағанды облысы Нұра ауданы Шахтер селосында туған. Еңбек жолын 1981 жылы Балықтыкөл кеңшарының қарапайым жұмысшысынан бастаған. 1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери міндетін өтегеннен кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «физика» мамандығы бойынша тәмамдаған (1989). Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де лаборанттан бастап, «Гидродинамика және жылу алмасу» зертханасының меңгерушісіне дейінгі қызметтер атқарған (1989-1993).

    1993 жылы Қарағанды қалалық әкімдігіне бас маман лауазымына ауысты. 1997 жылы Қарағанды қаласы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалды.

    1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1997 жылдан 2000 жылға дейін Қарағанды облысы әкімі жанындағы тәртіптік кеңестің инспекторы; 2000-2002 жылдары – Қарағанды облыстық тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі-бөлім меңгерушісі; 2002-2006 жылдары – Қарағанды облысы ішкі саясат департаменті директорының міндетін атқарушысы, директоры; 2006-2007 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 2007-2012 жылдары – Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы; 2013-2014 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

    «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

  • ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ

    бектембаевБЕКТЕМБАЕВ Мейрам Еркінұлы

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары лауазымына 2014 жылдың наурыз айында тағайындалған.

    Бұған дейінгі лауазымы: «Назарбаев Орталығы» ММ директорының орынбасары.

    1976 жылы 17 қарашада Қарағанды қаласында туған. 1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1998 жылы «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМК жылжымайтын мүлік құқығына мемлекеттік тіркеу бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

    2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетіне Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу басқармасының бас маманы қызметіне ауысқан. 2002 жылдан 2004 жылға дейін – «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМК директорының орынбасары. «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты сайлауалды штабының жұмысына және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауының дайындығына қатысқан.

    2004-2006 жылдары – «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМК құжаттарды қабылдау мен табыстау және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінде бас инженердің орынбасары-бастығы. 2006-2007 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМК кадр және іс жүргізу бөлімінің бастығынан директордың орынбасарына дейінгі жолдан өткен.

    2007-2008 жылдары – «Химиялық қауіпсіздік және қалдықтарды басқару Ұлттық орталығы» коропоративтік қорында құқық бөлімінің бастығы; 2008-2011жылдары – « ҚР ІІМ Шаруашылық басқармасы» РМКК «Дипломат Строй Сервис» ЖШС директоры; 2011-2012 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құқық бөлімінің бастығы;

    2012-2013 жылдары – ҚР ҚМ «Қаржы жүйесі органдары мамандарын даярлау, қайта дайрлау және біліктілігін көтеру орталығы» АҚ вице-президенті.

    куанышев

    ҚУАНЫШЕВ Жапсарбай Ілиясұлы

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары лауазымына 2015 жылдың 17 ақпанында тағайындалған.

    Бұған дейінгі лауазымы: «Қазмедиа орталығы» атқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры.

    Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.

    1954 жылдың 14 мамырында Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылында туған.

    Кеңес әскері қатарында міндетін өтегеннен кейін (1972-1974) Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «тарих және қоғамтану мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1979 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында зертханашы қызметінен бастаған.

    1983-1986 жылдары – КСРО Ғылым академиясының КСРО тарихы институтында тағылымдамадан өтуші, аспирант (Мәскеу); 1986-1990 жылдары – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ҚазКСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтында кіші, аға ғылыми қызметкер; 1990-1992 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тарих және этнология институтының ғалым хатшысы.

    1992 жылы еңбек жолын мемлекеттік қызметте жалғастырды: Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер кабинеті аппараты ішкі саясат бөлімінің референті қызметінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі лауазымына дейін көтерілген.

    1996-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі. 2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі; 2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгерушісі.

    «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының 10 мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының «Мінсіз қызметі үшін», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталған.

    Тимур Толегенович 2ШАЙМЕРГЕНОВ Тимур Төлегенұлы

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары лауазымына 2014 жылдың 2 сәуірінде тағайындалған.

    Бұған дейінгі лауазымы: Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесі Ситуациялық орталығы талдау секторының меңгерушісі. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1982 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылында туған.

    Еңбек жолын 2004 жылы халықаралық мәдени және білім ынтымақтастығы қызметінде ағылшын тілінің аудармашысы болып бастаған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

    2005-2006 жылдарда – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саясатты зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері.2006-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы орынбасарының көмекшісі. 2010-2011 жылдары – ҚР Президенті әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің талдау бөлімінің консультанты.

    2009-2014 жылдары Дж.Кеннеди атындағы Гарвард университетінің стратегиялық мәселелер жөніндегі мектебінде (Kennedy School of Government, Harvard University), Колумбия университетінің кәсіпкерлік мектебінде (Columbia Business School, Columbia University), Оксфорд университетінің Саид атындағы кәсіпкерлік мектебінде (Said Business School, University of Oxford), Пенсильвания университетінің Уортон мектебінде (The Wharton School, University of Pennsylvania) басшылық құрамға арналған білім беру бағдарламаларынан өткен, сондай-ақ Франция үкіметі жанындағы Ұлттық әкімшілік мектебінде (Ecole Nationaled’ Administration) және Джонс Хопкинс университетінің тереңдетілген халықаралық зерттеулер мектебінде (School of Advanced International Studies, Johns Hopkins University) білім алған.

    Сексеннен астам ғылыми жарияланымдар мен бірқатар монографиялардың авторы. 2006-2010 жылдарда – «Орталық Азия және Кавказ» әлеуметтік-саяси зерттеулер журналы (Швеция) редакциялық кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының құрметті қызметкері, Халықаралық зерттеулер Корольдік институты сарапшылар қоғамдастығының мүшесі (The Chatham House, Royal Institute of International Affairs).

Виртуалды айналым

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
Электрондық ресурстар