Thematic exhibitions

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ «ИРАН КАЛЛИГРАММАСЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

5.02.2019 2019 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Ирандағы ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығын мерекелеуге арналған «Иран калиграммасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Иран калиграммасы» көрмесінде суретші Саид Хушманештің 40-қа жуық картиналары ұсынылды.

НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР БАСТАУ АЛДЫ

12.02.2019 ж. Бүгін Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Жастар - ел тірегі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жиынға белгілі отандық суретшілер, мүсіншілер, музыканттар, Қазақстандағы шет мемлекеттерінің елшілері мен дипломатиялық өкілдіктердің  қызметкерлері, елордалық университеттердің жетекшілері, оқытушылары мен студенттері және т.б. қатысты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЛЕНИНГРАДТЫ ҚҰРСАУДАН АЗАТ ЕТУДІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

2019 ж. 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Санкт-Петербург мемлекеттік театр және музыкалық өнері музейінің қорынан «Құрсауда қалған виолончель» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрме «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ және StageProкомпаниясының белсенді қолдауы арқасында «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. Көрме Лениниградтың құрсаудан толық азат етудің 75 жылдығына арналған.

«ЖАСТАР-ЕЛ ТІРЕГІ» КӨРМЕСІ

«Елбасы» кітапханасының кітап, архивтік және музейлік жинақтарының жан-жақты тақырыптық көрмесі. Қазақстандағы қазіргі жастардың әлеуетін іске асырудың негізгі бағыттарын қамтиды:оларбілім және ғылым, қоғамдық ұйымдар, мәдениет және спорт. Мемлекеттік саясатты дамыту тарихы жас ұрпақтың жетістіктеріне тікелей әсер етті.Тәуелсіздік жылдарында жаңа жетістіктермен, табыс үшін құндылықтармен әлеуметтік белсенді азаматтардың жаңа мәдени түрі қалыптасты.

СУРЕТШІГЕ ОЙЫНДАҒЫСЫН БІЛДІРУГЕ КӨМЕКТЕСУ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАР КӨРМЕСІ МЕН ШЕБЕРЛІК КЛАСТАРЫ

14 наурыз күні Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды қаласы №1 балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтті. «Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Аталған көрме арқылы елорда тұрғындары мен қонақтары республикамыздағы балалар көркемсурет мектептері тәрбеленушілерінің үздік дипломдық жұмыстарымен танысуда.

БОТАГӨЗ ТӨЛЕШТІҢ «ШЕКСІЗ ӘЛЕМІ»

Елбасы кітапханасында суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ботагөз Төлештің «Шексіз әлем» көрмесінің вернисажы өтті. Көрме «Үміт қанатында» атты шығармашыл жастарды қолдау жобасы аясында ұйымдастырылды.

СУРЕТШІ МҰХТАР БАЙБОСЫННЫҢ «ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ОТЫ СӨНБЕС» КӨРМЕСІ

2019 жылдың 19 сәуірде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасының Музейінің ғимаратында ҚР суретшілер Одағының мүшесі, суретші Мұхтар Байбосынның «Өнерлі елдің оты сөнбес» жеке көрмесі өтті. Көрме заманауи бейнелеу өнерін қолдау мақсатында Елбасы кітапханасының серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.

«УАҚЫТ ӨЗЕНІ» ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ СУРЕТТЕРІНДЕГІ КЕНШІЛЕР ӨМІРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ҰСЫНЫЛДЫ

        03.06.2019         2019 жылғы 3 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылды. 

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ

21.06.2019 2019 жылы 21 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың елді басқарудағы кемеңгерлігінің 30 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: кемеңгерліктің 30 жылы»  атты кешенді тақырыптық көрме ашылды. Көрме ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында Қазақстан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саясатының арқасында әлемге кеңінен танымал болған қазіргі кезеңге дейінгі кезеңді хронологиялық қамтыды.

ӨМІР МЕН ҚУАТТЫ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ ҚҰРАЛ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА АС ТАЯҚШАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

11.06.2019 ж. 11 маусым күні Елбасы кітапханасында ас ішуге арналған корей таяқшаларының «K-Chopsticks: Connection» көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік орнатылуының 10 жылдығына арналған.

Pages