«СУРЕТТЕРДЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН ТАҒДЫРЛАР» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2017 жылдың 29 наурызында сағат 17.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11)  «Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесінің ашылуы өтеді. «Ұлттық игілік» көрме жобасының аясындағы жаңа экспозиция Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінің 25 жылдығына арналған.

Көрмеде Шаймардан Сариев, Жоламан Аралбаев, Қамбарбек Аманов, Рафаэль Слекенов, Исім Арыстанов сынды атыраулық суретшілердің жұмыстары көпшіліктің назарына ұсынылады. Көрменің кескіндемелік жұмыстар топтамасы қылқалам шеберлерінің ой ұшқырлығы мен асқан шеберлігінен туындаған. Олар портрет, пейзаж, натюрморт сынды кеңінен тараған жанрларда орындалған.

Көрмеде кескіндемелік жұмыстардан басқа танымал шеберлер Нұрсұлтан Қалиев пен Кеңес Айтқалиевтердің теріден және ағаштан жасалған сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылатын болады.

Көрме Атырау облысының қазіргі суретшілері мен қолөнершілері шығармашылығының өзіндік ерекшелігін паш етпек. Авторлық қолтаңбасы бар күрделі әрі қайталанбас шығармашыл тұлғалардың туындыларымен танысуға мүмкіндік бар.

Көрме 2017 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Кіру тегін.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.