ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНДА «ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ

2018 жылғы 24 сәуірде, сағ. 11.00-де Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Президенттік институт – Қазақстан Республикасының саяси жүйесін модернизациялаудың негізі» атты дөңгелек үстел өтеді.

         Дөңгелек үстел президенттік институттың қазақстандық моделі, мемлекет пен тәуелсіздік стратегиясының қалыптасуына, қоғамдағы демократиялық қайта құруларды, кең ауқымды экономикалық реформаларды жүргізудегі, азаматтық қоғам институттарын, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастыру мен дамытудағы, ұлттық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Президенттің рөліне, Елбасының бастамасы бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға арналады.

  Дөңгелек үстелдің мақсаты демократиялық мемлекетті құрудағы президенттік институттың маңызын көрсету және Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негізгі элементі ретіндегі президенттік институттың қалыптасуы мен қызметі туралы білімдерді кеңейту болып табылады.

Талқылауға төмендегі мәселелер ұсынылады:

- президенттік институттың қалыптасуы мен дамуындағы Н.Назарбаевтың рөлі;

- конституциялық реформаларды жүргізу контекстінде Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені институционализациялау;

- президенттік институт – этносаралық және конфессияаралық келісім мәдениетін сақтаудың және қазақстандық қоғамның рухани дамуының негізі;

- Елбасының сыртқы саяси бастамалары – Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуші және оның халықаралық мәртебесі мен беделін көтеруші фактор.

Дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшілері, отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, сарапшылық қауымдастықтың өкілдері және т.б. қатысады.

 

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11.