«ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ» – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ

Елдің жаңа есімдері, олардың тың идеялары мен күш-қуаты, тағылымы мен тәжірибелері – қазақстандық жастардың тұлға болып қалыптасу жолындағы құнды құрал. Сондықтан, Елбасы кітапханасының білім беру қызметі үшін «Қазақстанның 100 есімі» жобасының қатысушыларымен тығыз байланыс орнатудың маңызы зорОсыған байланысты, «Ұлы дала тарландары» атты арнайы жоба әзірленіп, оның шеңберінде жоба кейіпкерлеріне арналған материалдар кітапхана сайтында жарияланып тұрадыОған қоса, «100 жаңа есім» жеңімпаздары Елбасы кітапханасындағы оқыту семинарларының мәртебелі қонақтарыОлар кездесу барысында табысқа қалай жеткендері туралы жастармен бөліседі. Бұл – жастарға патриоттық тәрбие беруде аса маңызды

Тұңғыш Президент кітапханасы жобаларының идеялары мен міндеттері «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасымен үндес. Табыстылықты, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді және білімге құштарлықтың үлгілерін Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан нақты адамдардың өмір жолдары арқылы ілгерілету – бұл Мемлекет басшысының жемісті де салиқалы саясатының нәтижесі. Оның бастамалары азаматтардың келешекте өсуі үшін табысты да  құнды негіз болып табылады.  

Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күнсұлу Исинованың айтуынша, оқу семинарына деген қызығушылық жыл өткен сайын артуда. Оқу курсының ауқымы кеңейіп, жас ерекшелігіне қарай қатысушылар да көбейген. Мұнда талантты да танымал жандар келіп, жастармен өз тәжірибелерімен бөліседі. 

– Тыңдаушылардың басым бөлігі  еліміздің барлық өңірлерінен келетін жоғары оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушылары. Олардың әрқайсысы Қазақстанның дамуы мен Мемлекет басшысының саясаты туралы мол мәлімет алып, білім көкжиектерін кеңейтіп шығады. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда студенттер Президенттің жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды құру мен жүзеге асырудың себептері мен алғышарттарын меңгереді. Сондай-ақ, өз қызметтерінде жетістікке жеткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушыларымен кездесуде жастар «Ұлт жоспары. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам», «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық құжаттардың тиімділігі, қажеттілігі мен маңыздылығы туралы хабардар болады, - деп атап өтті Күнсұлу Исинова. 

Бүгінге дейін Елбасы кітапханасында өткен семинардың тыңдаушыларымен Белла Газдиева, Зарина Сауытбаева, Гүлмира Әбдірашева, Анатолий Добровольский, Айдие Айдарбеков және басқалар кездесіп,  өз тәжірибелері мен көрген-түйгендерімен бөлісті. «Болашаққа жол өзіңнен басталады» тақырыбына арналған жаңа маусымда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасынан шақырылатын құрметті қонақтар саны артатын боладыӘртүрлі салалардағы беделді спикерлер жас тыңдаушылар үшін бағыт-бағдар беріп, әрі қарай өзін-өзі дамытуға жол нұсқайды. Бұл материалдар Елбасы кітапханасының сайтында «Ұлы дала тарландары» жобасының аясында да көрсетілетін болады: http://presidentlibrary.kz/ru