ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІ – ТАРИХ АЙНАСЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы кітапханасының музейі – елімізде және шетелде мойындалған мәдени-тарихи, ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы. Рухани орда 2004 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. 

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылды. Бүгінде музей Елбасы кітапханасының жетекші бөлімшесіне айналып отыр. 

                 Тәуелсіз мемлекеттің дамуы және демократиялық Қазақстанды  өркендетуде Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі музейдің көрмелерінде кеңінен көрініс тапқан.

Музей кешені елорда Алматыдан Астанаға көшірілгеннен кейін, 1997-2004 жж. Елбасы қызмет еткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тұңғыш резиденциясы ғимаратында орналасқан.

Музейдің ғимаратында аса маңызды тарихи шешімдер қабылданды. Оның Күмбезді залында 1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола қаласын еліміздің астанасы деп жариялады. Дәл осы залда 1997 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Астанадағы тұңғыш кездесуі  өтті.

          Президенттің тұңғыш резиденциясындағы «Алтын» залында Астана құрылысының нобайына жарияланған халықаралық ашық байқаудың жеңімпазы Кисё Курокава өзінің жобасын таныстырды. 

 Бүгінде Елбасы кітапханасы музейінің жинағында 10 мыңнан астам сақтам бірлігі бар. Кітапхана музейі жылда халықаралық, аймақаралық, әріптестік, қор және тағы басқа жобалар шеңберінде 20-дан астам көрме ұйымдастырады.

Музей ашылғаннан бері оның жұмысына 1 миллионнан астам адам куә болды.  Оның ішінде шет мемлекеттердің басшылары, ресми делегациялар, Астананың тұрғындары мен меймандар бар.