ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАЙДЖЕСІ (СӘУІР-МАМЫР 2018 ЖЫЛ)

АҚШ Конгресі кітапханасы серіктестерін марапаттады

Американың Конгресс кітапханасы 2017 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасағандары үшін серіктестік ұйымдарын марапаттады.

Соның ішінде, аудиокітаптар мен Брайл қарпіндегі жарияланымдар шығарумен белсенді айналысатын Колорадо кітапханасы мен Тейлор орталығы Жыл кітапханасы мен орталығы атағын жеңіп алды.

https://www.loc.gov/item/prn-18-065/library-of-congress-honors-colorado-and-michigan-libraries-for-service-to-blind-readers/2018-05-17/

 

Калифорния тұрғындары Уолт Дисней мұрасымен танысты

Рональд Рейган Кітапханасы мен Музейінде белгілі аниматор Уолт Диснейдің жұмыстарымен байланысты архив құжаттарының материалдарынан көрме ашылды. Жұртшылыққа 500-ден астам жәдігерлер ұсынылған, онда алғашқы мультипликатор кейіпкерлер қоян Освальд пен Микки Маустан бастап, капитан Джек пен Америка капитанына дейін бар. Сонымен қатар ертедегі суреттер мен мүсіндер, деректемелер мен костюмдер де ұсынылған.

https://www.reaganlibrary.gov/museum/mmprevious-exhibits

 

БАҚ және мәдени қауымдастықтың өзара әрекеттестігінің өзекті мәселелері

2018 жылдың 19 сәуірінде Президенттік кітапханада «Қоғам. Мәдениет. БАҚ: өзара әрекеттестік мәселелері және келешегі» форумы өтті. Форум билік органдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен оқытушылары, студенттер, мәдениет пен БАҚ саласындағы мамандарды даярлауды іске асырушылар, журналистер, мәдениет пен өнер қайраткерлері, қоғамдық және жастар ұйымы өкілдерінің басын қосты.

– Біздің ортақ мақсатымыз – отандастарымыздың мәдени оқиғалар туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру, интеллектуалды құндылықтар мен мол қазынаға неғұрлым көбірек көңіл аударту. Театр, көрме, музейлерді халық жиі келетін орынға айналдыру керек, – деді форумды ашқан Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко.

https://www.prlib.ru/news/1154426

 

Президент кітапханасындағы мультимедиялық байқау

2018 жылы Президенттік кітапхана жыл сайынғы «Шетел азаматының көзқарасы» халықаралық мультимедиялық байқауға («ForeignView») тағы да қатысуға шақырады. Фото және бейне жұмыстарды қабылдау 27 сәуірде басталып, 2019 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.

Президенттік кітапхананың «Шетел азаматының көзқарасы» / «Foreignview» IX мультимедиялық байқауы Ресейдегі еріктілер жылына арналады және «Көмектесу еркіндігі» ұранымен өтеді.

https://www.prlib.ru/news/1154991

 

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған музейлік сабақтар

Ельцин Орталығының балалар бағдарламасы бөлімі мен Ресейдің бірінші президенті Б. Ельцин музейінің білім беру бөлімі қызметкерлерінің тобы 17 сәуірде Каменск-Уралда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Оқушылар «Кремль келбеті» сабағы барысында уақыт ағымымен Кремльдің өзгергенін, оның қайта құрылуы мен сыртқы көрінісіне қандай оқиғалар мен адамдар әсер еткендігі, оның негізін қалағандар кімдер болғаны – Мәскеу княздігінің алғашқы билеушілері туралы мәліметтер алды.

https://yeltsin.ru/news/poezdka-v-detskij-dom-sotrudnichestvu-byt/

 

РҒА нанотехнологиялардың жұмбақтарын ашты

19 сәуірде Екатеринбург қаласындағы Ельцин Орталығында РҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы 

А. Ремпелдің «Заманауи нанотехнологиялардың жұмбақтары» дәрісі өтті. Дәріс Ельцин орталығы мен Ресей ғылым академиясының «РҒА ашық дәрістері» ортақ жобасы аясында ұйымдастырылды.

https://yeltsin.ru/news/ran-raskryla-zagadki-nanotehnologij/

 

Ельцин Орталығындағы «Библионочь–2018»

Ельцин Орталығы мен Ресейдің бірінші президенті Б. Ельцин музейі «Библионочь» бүкілресейлік акцияға дәстүрлі түрде қолдау көрсетті. Биылғы жылы оқырмандарға арналған мәдени ойын-сауық бағдарламасы ерекше есте қаларлықтай өтті.

Іс-шара «Урал Бажова: сила места» көрмесінің экскурсиясымен ашылды. Балалар әдебиеті кафесінде жас ақындар мен поэзияға жақын жандар сүйікті өлеңдерін оқуға жиналды. Кино-баспасөз залында Суздальда өткен Анимациялық кино Ашық Ресей фестивалі фильм-лауреаттарының көрсетілімі болды.

https://yeltsin.ru/news/biblionoch2018-v-elcin-centre/

 

Ельцин Орталығындағы музей түні

Халықаралық «Музей түні» акциясы Ресейде он екінші, ал Ельцин орталығында үшінші рет өтті. 19-нан 20-на қараған түні «Музей түні» шарасына Ельцин Орталығы мен Ресейдің бірінші президенті Б. Ельцин музейі қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы бағдарламалар, біріккен көрмелер мен көріністер, квестер мен экскурсиялар дайындады.

https://yeltsin.ru/news/v-noch-muzeev-v-elcin-centre/

 

Гейдар Әлиев Қорының бастамасымен «Бакинский марафон - 2018» өтті

13 мамырда Г. Әлиев Қорының бастамасымен «Бакинский марафон – 2018» өтті. Марафон дистанциясы 21 шақырым үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Аталған марафонға қатысу үшін 18 мың адам тіркеуден өткен.

Бакин марафоны Әзірбайжандағы спортты дамытуды қолдау, салауатты өмір салтын кеңейту, адамдарды игі іске жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылады. Аталмыш марафоннан жиналған қаражат Гейдар Әлиев Қорының жобасы аясында ата-ана мейірімінен айырылған балаларға жіберілетін болады.

 

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4630/Baku-Marathon-2018-takes-place-following-the-Heydar-Aliyev-Foundation%E2%80%99s-initiative-/

 

Г. Әлиев Орталығында қытай суретшісінің көрмесі ашылды

17 сәуірде Г. Әлиев Орталығында белгілі қытай суретшісі Ван Юянның көрмесі ашылды. Ашылу рәсіміне Гейдар Әлиев Орталығының директоры Анар Алакбаров, Әзербайжандағы Қытай елшісі Вэй Синьхуа, коллекция жинаушы Джон Додланд пен суретші Ван Юян қатысты.

Ван Юян – Қытайдағы Орталық өнер академиясының әлемге танымал жас маманы. Оның ғылым мен технологияға арналған туындылары Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Тайланд, Аустрия, Италия, АҚШ елдерінде көрсетілген.

http://heydaraliyevcenter.az/#5_Xeberler_305

 

Гейдар Әлиев Орталығында ел тарихы туралы фильм көрсетілді

25 мамырда Гейдар Әлиев Орталығында Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығына арналған «Соңғы жиын» деректі фильмі көрсетілді. Іс-шараға Г. Әлиев Қорының вице-президенті Лейла Әлиева, Бакин медиаорталығының президенті және фильмнің продюсері Арзу Әлиева қатысты. «Әзербайжан Демократиялық Республикасы небәрі екі жыл ғана болса да, мемлекетіміздің тағдырындағы маңызды кезең болды. Фильм Әзербайжан Демократиялық Республикасының соңғы күндерін баяндайды. Біз бүгінде тәуелсіз, мықты, қарқынды дамып жатқан елде тұрамыз. Мен Әзербайжан Демократиялық Республикасының негізін қалаған зиялылардың бүгінгі Әзербайжан үшін мақтанатындарына сенімдімін», – деді Арзу Әлиева.

Фильм сценарийі зерттелмеген құпия архив құжаттарына негізделген.

http://heydaraliyevcenter.az/#5_Xeberler_309

 

Жеңістің жарқын бейнелері

Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасы Жеңіс күніне арналған көркемсурет ашық хат тұсаукесерінің кезекті таныстырылымын ұсынды. Тұсаукесер «Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасы» ММ мен «Беларусь Республикасының Ұлттық көркемсурет музейі» ММ әріптестігі аясында дайындалған.

https://www.preslib.org.by/news/type1/pobedy-rodnoe-lico

 

Мерейтойлық кітаптар

Беларусь Республикасының Президент кітапханасында Беларусь құқықтық ойларының тарихына Казимирдің «Судебник» құқықтық нормаларының қабылданғанына 550 жыл және 1588 жылғы Литовсий Ұлы княздығы Статутының қабылданғанына 430 жыл атаулы күндеріне орай «Правосудие – основа государства» көрмесі ашылды.

Көрмеге ұсынылған материалдардың көпшілігі библиографиялық сирек кездесетін кітаптар болып табылады және Ескі баспалар мен сирек басылымдар бөлімінде сақталады.

https://www.preslib.org.by/news/type1/yubilei-knigi