2019 жылғы 14 наурыз күні, 11.00 сағатта Елбасы кітапханасының музейінде (Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11) Қарағанды қаласы №1 балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтеді.

«Туған өлкем»көрмесінде ұсынылған жұмыстар мектепте оқытылатын бейнелеу өнері техникасының сан алуандылығын көрсетеді. Көрме ашылуында 30-дан астам дипломдық жұмыс ұсынылатын болады. Бұл көрмеде Қарағанды балалар көркемсурет мектебі педагогтары мен оқушыларының көпжылдық еңбегі көрсетіледі.

Қарағанды қаласы №1 балалар көркемсурет мектебі еліміздің алғашқы қосымша білім беру ұйымдарының бірі болып табылады. Ол 1961 жылы Қазақстан Суретшілер одағы Қарағанды бөлімшесі жанынан қоғамдық негізде құрылған болатын. Сол жылдардан басталған қызметі барысында мектеп көркемдік-эстетикалық бағыттағы оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемеге айналды. Қазіргі уақытта мектепте қалыптасқан дәстүрлер сабақтастығы мен педагогтардың жоғары кәсібилігі туралы республикалық және халықаралық деңгейлерде ұсынылып жүрген оқушылардың туындылары арқылы пайымдауға болады.

«Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Аталған көрме арқылы елорда тұрғындары мен қонақтары республикамыздағы балалар көркемсурет мектептері тәрбеленушілерінің үздік дипломдық жұмыстарымен танысуда.

Көрме 2019 жылғы 15 сәуірге дейін жалғасады.

Көрменің салтанатты ашылуы қарсаңында Қарағанды балалар көркемсурет мектебінің педагогтары шеберлік класын өткізеді (басталуы – 10.00 сағ.):

- «Iclay сазынан саусақ ойыншықтарын жасау»

Оқытушы: Брагина Ольга Валериевна, қатысушылар: 9 жастан асқан балалар;

- «Алла прима» техникасындағы акварельдік майлы бояу

Оқытушы: Кеңесбаева Дина Төлеуғалиқызы,  қатысушылар: 13 жастан асқан балалар;

- «Жылтыр қағаздағы монотипия»

Оқытушы: Қалышева Гүлмира Ғабдіманатқызы,  13 жастан асқан балалар;

- «Көмірмен сурет салу техникасындағы шарж»

Оқытушы: Құлпейісов Саламат Болатұлы,  ,  қатысушылар: 13 жастан асқан балалар.