2019 жылғы 11 сәуірде, 9.30 сағатта Назарбаев орталығында (Нұр-Сұлтан қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 1) НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАСТАМАСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (ҚР СІМ),  Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің (РФ СІМ), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірлесе.

Конференцияның ресми ашылуына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің, Еуразия Экономикалық Комиссияның өкілдері, ҚР мен РФ Парламенттерінің төрағалары мен депутаттары қатысады.

Пленарлық мәжілісте ҚР СІМ және РФ СІМ өкілдері, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің Елшілері, Қазақстанның, Ресейдің, шет мемлекеттердің экономикалық және саяси орталардың, қазақстандық және ресейлік жоғарғы оқу орындарының, сондай-ақ, университеттердің Еуразиялық қауымдастығына мүше жоғарғы оқу орындарының өкілдері баяндама жасайды. Олардың арасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий, Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (Университет) ректоры А.Торкунов, Жалпы ресейлік қоғамдық пікір орталығының (ВЦИОМ) бас директоры В. Фёдоров бар.

Конференция үш сессиядан тұрады:

I сессия – Пленарлық «Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасы: идеялар және іске асыру жолдары». Ресми ашылуы, сәлемдемелер мен құттықтаулар.

II сессия ­– Еуразиялық экономикалық одақ: XXI ғасырдың сын-қатерлері, тиімділік факторлары және халықаралық мәртебені арттыру.

IӀI сессия ­– Қозғалыс бағыты – Үлкен Еуразия.

Қатысушыларды тіркеудің басталуы: 09.30 сағ.