2019 жылдың 10-11 сәуірінде Ақмола және Алматы облысы мектептерінің оқушылары Елбасы кітапханасында бас қосты. Игі дәстүрге айналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренингке бұл ретте 58 тыңдаушы қатысты. Іс-шара аясында олар Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы, «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» іспетті мақалаларындағы өзекті мәселелерді меңгерді. Дәріскерлермен бірге жастар тәжірибелік сабақта өзара пікір алмасты.

«Индустрия 4.0», «Рухани жаңғыру», «Семь граней Великой степи» - программы, вызывающие большой интерес у подрастающего поколения. О перпективах развития цифровизации и атоматизации практически во всех сферах экономики, о влиянии культуры номадов на развитие современной цивилизации, а также роль каждого казахстанца в дальнейшем поступательном движении страны – все эти темы активно обсуждали школьники, используя возможности интерактивных столов Библиотеки.

– Мен Нұр-Сұлтан қаласына алғаш келіп отырмын. Шыны керек, шаһардың сұлулығы көздің жауын алады. Оның көшелері, зәулім үйлері мен ғимараттары қаланың басты сәулетшісі Н.Ә.Назарбаевтың халыққа деген ықыласы мен мейірімін бейнелеп тұр. Сондай нысандардың бірі – Елбасы кітапханасы. Кітапхананың табалдырығын аттаған кез келген адам қорында сақтаулы музей жәдігерлері мен кітап топтамаларын тамашалап қана қоймай, мекеме қызметінің сан алуан бағыттарымен де таныса алады. Мәселен, қос облыс мектептерінің оқушылары, біз, екі күндік семинар-тренингке қатысу арқылы Елбасы кітапханасының жастармен жұмысына риза болып отырмыз. Бізге дәріс оқыған Кітапхананың ғылыми қызметкерлері – білікті мамандар. Олардың ортаға салған тақырыптары, бізбен бөліскен пікірлері бәрімізге қатты ұнады. Дәріскерлермен бірге біз тарих беттерін парақтап, көпке белгілі бола бермейтін деректермен таныстық. Көшбасшы болудың қыр-сырын меңгеріп, халыққа қызмет етудің маңызды, абыройлы іс екенін ұғындық. Сондықтан да келешекте ұлт үшін еңбек етуден еш аянбауға дайынбыз. Осы орайда құнды дүниелерге қол жеткізуге мұрындық болған Елбасы кітапханасының басшылығы мен ұжымына, Тұңғыш Президенттің өзіне алғысымыз шексіз, - деді Іле ауданы № 4 орта мектебінің оқушысы Махаббат Айтпанбет.

Шара соңында тыңдаушыларға семинар-тренингтің тәмамдалғанын растайтын сертификаттар мен естелік сыйлықтар таратылды.